Атырау, 23 сәуір 17:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Қырылған балықтар туралы іс: осынша су қайда кеткен?

4 028 просмотра


№2 Атырау қалалық сотында былтырғы желтоқсанда Жайық өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына қатысты сот отырысы жалғасты. Кезекті отырыс тергеушілердің «Атырау Су Арнасы» КМК қызметкері АҚБОТИННЕН жауап алған бейнежазбасынан басталды (оның өзі сотқа қатыспады).  Атап айтқанда, Жайықтан суды «ұтымсыз» алу туралы сөз қозғалды.

Ақтботиннің айтуынша, ай сайын Жайықтан 3 миллион текше метр су алынады, 1 миллион 400 мың текше метр қаланың қажеттілігіне жұмсалады (бұл цифр жыл мезгіліне байланысты аздап өзгеруі мүмкін). Осы сандардағы айырмашылық туралы сұрағанда, ол 300 мың текше метр су төтенше жағдайларға, қалғандары - сүзгілер мен құрылғыларды шаюға жұмсалады деп жауап берді. Бейнежазбаны қарағаннан кейін сот залындағы сотталушылардың бірі мен процеске қатысушы басқа тараптар арасында пікірталас басталды. 

Қатысушы тұлғалар:

Судья Дәуренбек ДАУМОВ

Мемлекеттік айыптаушы Жақсылық СИКИМОВ

Адвокат Амантай ДҮСІПОВ

Сотталушы: су тазарту станциясының бастығы Михаил ЧУРСИН

Куәгер: «Луговой жылқы зауыты» ЖШС өкілі Вера МАРИНЕНКО.

Дүсіпов: Оның (Ақботиннің) су тазарту жүйесін аса жақсы білмейтіндігіне және тергеушінің нақты сұрақтарына айқын жауап бере алмайтындығына сот назарын аударғым келеді.

Мариненко: Айыпталушы Чурсинге сұрақтарым бар. Ақботин сорғыларды тоқтату мүмкін емес, қыста олар қатып қалуы, ал жазда суару салдарынан су тұтыну көлемі артатындықтан және т.б. себептермен су көп алынған дейді. Дегенмен, су осыншама көп алынбас үшін  сорғыларды сәл сиретіп қосуға болатын шығар? Неліктен олар сіздерде үнемі толық қуатпен жұмыс істейді? Неліктен осы үшін сіздер есептегіштерді ажыратып, журналдарды кері толтыру сияқты нәрселер жасауға мәжбүрсіздер?

Чурсин: Менің адвокатым Ақботиннің су алу жөніндегі ахуалдан бейхабар екенін айтты. Сондықтан оның барлық есептеулері бос сөз және шындыққа сай келмейді.

Мариненко: Сонда журналды кері толтырудың мәнісі неде еді? Аспаптағы көрсеткіштерді азайтып көрсетудің қажеті қанша?

Чурсин: Мен әуел бастан тергеушіге де, барлығына да бұл есептегіштердің 2016 жылы орнатылғалы бері қате көрсеткіштер көрсететінін айттым.

Мариненко: Яғни, сіз осыншама көп су алмаймыз, бүкіл проблема - жұмыс істемейтін есептегіштерде дегіңіз келіп тұр ма?

Чурсин: Иә, мен мұны тек осылай түсіндіре аламын. Ақботин алынған судан қалғаны басқа жерге құйылады дейді, бірақ ол қайда құйылсын? Бізде ондай процесс жоқ!

Даумов: Мен қазір Жайықтан осындай мөлшерде су алып жатырсыздар ма, жоқ па, ол мәселені шешпеймін. Менің сұрағым басқаша - көп мөлшердегі суға реагенттер көбірек қолданыла ма?

Чурсин: Әрбір текше метрге белгілі бір грамм салынады делік. Су көлемі көбейсе, реагенттердің мөлшері де артады.

Даумов: Қалаға жеткізілмейтін судың қалғаны қайда құйылады?

Чурсин: Қалдық су шаю процесінен кейін Жайыққа құйылады.

Даумов: Жоқ, егер судың жылыстауын, апаттарды, шаюға кететін су көлемін қоспағанда...

Чурсин: Айтып тұрмын ғой, бұл есептегіштер дұрыс көрсетпейді.

Даумов: Дегенмен, ағызу құбырына не құйылады? Қандай су?

Чурсин: Бізде артық су жоқ, ал су сүзгілер мен жабдықтарды шайғаннан кейін ағызылады.

Мариненко: Дегенмен де түсінгім келеді: сіз белгілі мөлшерде су алдыңыз, қалаға жіберілетін суды алып тастаймыз – қалғаны қайда? Ол ұшып кеткен жоқ қой!

Чурсин: Тағы да айтамын, су алатын жерде тұрған есептегіштер жаңсақ көрсеткіштер көрсетеді. Бізде артық су жоқ, тағы да қайталаймын.

Даумов: Қолданылатын сұйық хлор мөлшерінің көбею себебі неде?

Чурсин: Бұл су сапасының нашарлауына байланысты.

Мариненко: Сотталушы бізді әуел бастан жаңылыстырып отыр. Егер Жайықтан белгілі бір мөлшерде су алынса, оның бір бөлігі сатылады, ал қалғаны жоғалып, буланып кетпейді - ол әрі қарай Жайыққа құйылады немесе олар қалған суды біреулерге сатады.

Даумов: Сізде нақты дәлелдер бар ма?

Мариненко: Жоқ. Алынған судың артылғаны ешқайда кетпейтіні түсінікті ғой.

Әрі қарай, адвокат А.Дүсіповтің өтініші бойынша бұрын Атырау облыстық Полиция департаментінің анықтау басқармасында жұмыс істеген және балықтың қырылуы туралы істі бастапқы тергеу кезеңіне қатысқан куәгер А.Өмірғалиевтан жауап алынды. Ол тергеу амалдарына баяғыда және азғана уақыт қатысқанын, содан кейін анықтау басқармасынан ауысып кеткендігіне сілтеп, адвокат Дүсіпов қойған сұрақтардың ешқайсысына жартымды жауап бере алмады.

Анастасия АЛЮШИНА

Суретті түсірген автор

16 қазан 2019, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.