Атырау, 29 наурыз 17:05
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Назарбаев "шетелдегі қашқындарды" айыптап, "ұлы табыстарымен" мақтанды», «"Елбасы қолындағы көзір карта". Сыроежкин үкіміне сарапшылар пікірі», «Абзал Құспан: Ақылға симайтын сценарийге беделді үш кісі тапсырыс берген. Олар...», «Түркия – Сүрия жанжалы».

2 745 просмотра

AZATTYQ.ORG  «Асхат Аймағамбетов: "Білім саласында жемқорлық барын мойындауымыз керек"» - Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім саласындағы жемқорлыққа кешенді жұмыс әрі ашықтық арқылы қарсы тұру керек деп санайды. Азаттыққа берген сұхбатында министр үш тілде білім беру, педагогтың мәртебесі мен еңбекақысы, мұғалімді өзге жұмысқа жегу, ғылымға бөлінетін қаржы және басқа мәселелер жайлы айтты.

«Назарбаев "шетелдегі қашқындарды" айыптап, "ұлы табыстарымен" мақтанды» - 11 қазанда "Хабар" арнасы Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбатын көрсетті. Назарбаев эфирде "Қазақстанда қос билік бар" деген әңгімені "шетелдегі қашқындар шығарған өсек" деп атады. Назарбаевтың сөзінше, "қазақтар өз тарихында ешқашан дәл қазіргідей өмір сүрген емес. Бұл – ешкім терістей алмайтын факті".

«"Ойынға қатыспаймын". Қамаудағы Атамбаев сотқа келмеді» - Қырғызстанда қылмыстық топ жетекшісі "Азиз Батукаевты қамаудан заңсыз босату ісі" бойынша алдын ала сот тыңдауы айыпталушылардың бірі – елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев келмегендіктен кейінге қалды.

«"Елбасы қолындағы көзір карта". Сыроежкин үкіміне сарапшылар пікірі» - Синолог ғалым Константин Сыроежкин мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен 10 жылға түрмеге қамалды. Азаттық сөйлескен сарапшылар Сыроежкинді Қазақстан азаматтығынан айыруы мүмкін, ал оған қарсы іс президент Тоқаевқа ықпал етудің бір әрекеті болуы ықтимал деп топшылайды.

«Қамалған бала, хабарсыз әке, жоғалған күйеу іздеусіз қала ма?» - "Шыңжаңдағы лагерьлерде қазақтар жоқ" дейді Қазақстан сыртқы істер министрлігі. Лагерьде қамауда отырған туыстарының аты-жөнін атап, суретіне дейін көрсеткендер "мұндай мәлімдемеден соң біздің туғандарымыз ескерусіз, іздеусіз қала ма" деп торығады.

AZATTYQ-RUHY.KZ «Даниал Ахметов жағымды имидж үшін жарты миллиард теңге жұмсамақ» - Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов әдемі пиар үшін  жергілікті бюджеттен қанша миллион жұмсағанын жария етеміз.

QAZAQTIMES.COM. «Абзал Құспан: Ақылға симайтын сценарийге беделді үш кісі тапсырыс берген. Олар...» -  ҚР Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішевтің 27 томдық ісі қоғамдық резонанс тудырғаны белгілі. 1 триллион теңге үнемдегені үшін «істі болды» делінетін сыйлы экс-шендінің қолдаушылары күн санап артып келеді. Abai.kz ақпараттық порталында журналист   Сәуле Әбединова Әбішевтің заңгері, танымал құқық қорғаушы Абзал Құспановпен  мәселенің жай-жапсары туралы кеңінен әм тереңінен сұқбаттасыпты. Ел ішінде ерекше көзқарас туғызып, жұрт боп соңын бағып отырған іске қатысты нақты фактілермен бөліседі. 

«Түркия – Сүрия жанжалы: Әлем елдері не дейді?» -  Түркия Сүрияның солтүстігінде «Бейбітшілік қайнары» аталатын арнайы операция бастаған. Түрік авиациясы мен артиллериясы көрші ел аумағындағы күрд жасақтарын соққыға алды. Әскери операцияның мақсаты – лаңкестерге оңтүстік шекарада дәліз құруға жол бермеу. Түркияның бұл қадамын әлем елдері әртүрлі бағалап, плюрализм туындаған. 

QAMSHY.KZ. «Қызойнақ па, "жынойнақ" па?» - Бұл күнде ұзатылар алдында қалыңдықтар құрбыларының басын жинап кеш өтізуді әдетке айналдырған. Әрине, мұндай шараны жаман дүние деуге ауыз бармайды. Бірақ шектен шығып, әдептен асатындарға қарап бұл жайлы бір сәт ойланады екенсің. Жаңадан белең алған шоудың артық-кемі жайлы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

ABAI.KZ. «Қазақ спортының қожасы - министрлер мен миллионерлер» - Қазақстан бокс федерациясының жылдық конференциясында Тимур Құлыбаев аталған ұйымның басшысы қызметінен кететінін мәлімдеді.


14 қазан 2019, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.