Атырау, 28 наурыз 20:29
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

«"Ақша жасауға ыңғайлы жоба". "Назарбаев стартының" болашағы бар ма?», «Бейбіт жиын өткізу еркіндігі: Билік пен құқық қорғаушылар пікіріндегі қайшылық», «Қорғас туралы "хайп" және Тоқаев уәдесінен кейінгі болжамдар», «Тазабековтің "уағызынан" шыққан шу».

3 118 просмотра

AZATTYQ.ORG  «Билік кешірген кредит біреуді қуантып, біреуді мұңайтты» - Биыл Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 26 маусымдағы жарлығымен 500 мыңнан астам адамның кредиті кешірілді. Бір реттік акцияны сарапшылар "халықтың көңілін аулау саясаты" деп санайды.

«AzattyqLIVE: "Атажұрт еріктілері" белсенділері неге бөлінді?» - AzattyqLIVE тікелей эфирінде Қытайдағы этникалық қазақтарға қысым мәселесін көтеріп жүрген "Атажұрт еріктілері" ұйымының тіркелуі, оның белсенділерінің бөлінуі мәселесі талқыланды. Хабарға ұйым жетекшісі Ербол Дәулетбекұлы мен белсенді Бекзат Мақсұтханұлы қатысты.

«"Ақша жасауға ыңғайлы жоба". "Назарбаев стартының" болашағы бар ма?» - Қазақстан мен Ресейдің Байқоңыр ғарыш кешеніндегі бірлескен жобасы жайлы айтылғанын он бес жыл болса да, әзірге жүзеге асатын түрі көрінбейді. Өткен айда Қазақстанның бұрынғы президентінің құрметіне "Назарбаев старты" деп аталған бұл жобаның болашағына сарапшылар күмәнмен қарайды.

«Варшавадағы ЕҚЫҰ кеңесінде авторитарлық режимді қорғайтындар» - Ресей аннексиялаған Қырымнан бастап Орталық Азиядағы постсоветтік елдерді қамтитын аймақта авторитарлық режимдер биліктің адам құқығын сақтамайтыны жайлы халықаралық пікірсайыстарға ықпал ету мақсатында жасанды үкіметтік емес ұйымдар құрып алған.

«Жер кезегіне жетпей қайтыс болған тұрғындар және қауіпті полигон» - Осы аптада аймақ баспасөзі Қазақстанның батысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, бір топ мектеп оқушысының жараланғанын жазды. Жергілікті басылымдар бұған қоса, Қостанай облысында заңсыз төгілген қауіпті медициналық қалдықтар табылғанын және Оралда құрылысқа қажет жер теліміне қол жеткізе алмай 403 адамның қайтыс болғанын жазды.

«Бейбіт жиын өткізу еркіндігі: Билік пен құқық қорғаушылар пікіріндегі қайшылық» - БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Орталық Азиядағы кеңсесі мен “Адам құқықтары жөніндегі қоғамдық комитет” ұйымдастырған конференцияда Алматы билігі мен азаматтық қоғам өкілдерінің бейбіт жиын өткізу еркіндігі туралы ойы бір жерден шықпады.

«Қорғас туралы "хайп" және Тоқаев уәдесінен кейінгі болжамдар» - Осы аптада халықаралық басылымдар "Батыс пен Шығыс арасында тауар ағылатын қақпа болады" деп болжанған "Қорғас" құрлық портының өзінен гөрі жарнамасы асып түскенін, шын мәнінде оның "орта дәрежедегі инфрақұрылымдық жоба" екенін жазды. Бұған қоса, халықаралық БАҚ "Тоқаев кезеңінің" болашағына зер салып, АҚШ-та жалғасып жатқан БТА мен Храпунов арасындағы "құқықтық текетірес" жайлы мақала жариялады.

«Тазабековтің "уағызынан" шыққан шу» - "Асыл арна" телеарнасының директоры, айтыс ақыны Мұхамеджан Тазабековтің Қазақстандағы наразылық жиындары мен полицияның әрекеті туралы айтқандары топтастырылған видео төңірегінде пікірталас басылмай тұр. Кейбір сарапшылар “елде дін саясатқа араласып отыр” деп қауіптенеді. Ал діни басқарма "желіге тараған видеоны анықтап жатырмыз" дейді.


7 қазан 2019, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.