Атырау, 25 сәуір 05:46
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Михаил Ходорковский Путин, авторитаризм және Қазақстандағы "билік транзиті" жайлы», «Митингке қатысушыларды жаппай ұстап, қамауға алу дұрыс емес», «Қазақстандағы қосымша құн салығы мұнай мен алтын шығаратындарға ғана тиімді».

2 602 просмотра

AZATTYQ.ORG  «Михаил Ходорковский Путин, авторитаризм және Қазақстандағы "билік транзиті" жайлы» - Ресей билігіне Владимир Путиннің келгеніне 20 жыл болды, ал оның басты қарсыластарының бірі Михаил Ходорковскийдің эмиграцияға кетуге мәжбүр болғанына алты жыл толады. Азаттықтың Орыс қызметіне берген сұқбатында Ходорковский биліктің ауысуы автократияны неліктен әлсірететінін айтып, экс-президенті билікке ықпал етіп отыр деп санайтын Қазақстанды мысалға келтірді.

«Норвегиядан қайтарылғандар "жақсы жұмыс іздеп барғандарын" айтады» - Қазақстан сыртқы істер министрлігі Норвегияның көші-қон ережесін бұзған 59 қазақстандықтың бәрі елге депортацияланғанын хабарлады. Қазақстанға оралғандардың кейбірі шетелге "жоғары жалақы іздеп барғанын" айтады. Азаттық тілшісі депортацияланған азаматтардың кейбірімен кездесті.

«"Нұр Отан" партиясы іскерлік беделін сотта даулайды» - «Нұр Отан» партиясы «жалған ақпарат таратып, іскерлік беделіне нұқсан келтірген» үш белсендіден 20 миллион теңге моральдық шығын талап етті. Белсенділер айыпты жоққа шығарып, «әуреге түспей шағымды қайтарып алуды» сұрады.

AZATTYQ-RUHY.KZ ««Ойланбай жасалған мәлімдеме» - өзбек сарапшысы ЕАЭО-қа қатысты Валентина Матвиенконы сынады» - Ресей Федерациясы Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко Өзбекстан Еуразиялық экономикалық одаққа кіруді жеделдетуі керек деп мәлімдеді.

«Қазақстандағы қосымша құн салығы мұнай мен алтын шығаратындарға ғана тиімді» - Парламент Мәжілісіндегі «Ақ жол» фракциясының депутаты Азат Перуашев Үкіметке салық реформасына қатысты келіспейтін дүниелерін айтып, сауал жолдады.

INFORMBURO.KZ. «Саясат пен саяси шоу немесе өзгерістердің жауапкершілігі турасында» - Заман ағымына ілесе алмаған ұлттар түбі қасіретке ұрынады. Адам немесе тұтас қоғам өмірінің негізгі мәні де даму мен қажеттілікке сай үнемі өзгеріп отырады.

«Митингке қатысушыларды жаппай ұстап, қамауға алу дұрыс емес» - Қазақстандықтар бейбіт митингілер арқылы елдегі жағдайды жақсартуға болатынына сенімді. Митинг халықтың жан-айқайын биліктің құлағына жеткізеді дейді.


3 қазан 2019, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.