Атырау, 20 сәуір 13:10
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«"Томирис" фильмі қоғамды әйел басшыға дайындау ма?», «Ермұрат Бапи: Екі оттың ортасында тұрған адаммын...», «Бейбіт шеру бостандығы. Билік пен белсенділердің бағасы әрқилы», «Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент әкімдерінің жетістіктері мен сәтсіздіктері».

3 182 просмотра

AZATTYQ.ORG  «Бейбіт шеру бостандығы. Билік пен белсенділердің бағасы әрқилы» - Варшавада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының адам құқығы өлшемдері жөніндегі дәстүрлі кеңесінде бейбіт жиын өткізу туралы сөйлеген Қазақстанның үкімет делегациясы мен азаматтық қоғам өкілдері елдегі адам құқығының жағдайын әрқилы бағалады.

«Гонконгті қолдау акциясында Қытайдың аз ұлттарға қысымын айыптады» - Әлемнің 24 елінің 65 қаласында жексенбі күні өткен Гонконгтегі наразыларды қолдау акциясына Нұр-Сұлтан мен Алматы да қосылды. Екі қалада өткен наразылық шарасына жиналғандар Қытайдың Шыңжаңдағы аз ұлттарға қысым жасауын айыптап, мемлекет тәуелсіздігінен айрылып қалмау, Қытаймен жасасқан келісім-шарттарды қайта қарау, экономикалық тәуелділікті азайту мәселелерін көтерді.

«Қарақалпақ әйелдерді стерилизациялау мәселесі мен белсенділер үндеуі» - Варшавада ЕҚЫҰ-ның адам құқығы өлшемдері жиынында қарақалпақ белсендісі Бахтияр Ниетуллаев Өзбекстан билігін «Қарақалпақстан әйелдерін күштеп стерилизациядан өткізеді» деп айыптады. Бұған дейін халықаралық БАҚ Өзбекстанда әртүрлі ұлт өкілдерін, соның ішінде өзбек әйелдерді де стерилизациядан өткізу туралы құпия бағдарлама бар деп жазған. "Idel.Реалии" сайты белсенділер және Өзбекстан билігімен сөйлесіп, мәселенің жай-жапсарын анықтауға тырысты.

«"Томирис" фильмі қоғамды әйел басшыға дайындау ма?» - Қазақстанда ежелгі көшпелі тайпалардың патшайымы туралы «Томирис» фильмі жарық көрді. Кинотуынды продюсері - бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы. «Фильм қоғамдық сананы әйел басшының билікке келуіне дайындап жатыр» деген пікір де бар. Киносыншылардың бірі фильмді бұрынғы мемлекет басшысының үлкен қызының «сайлауалды ролигі» деп атады.

ABAI.KZ. «Ермұрат Бапи: Екі оттың ортасында тұрған адаммын...» - «Abai.kz» оқырмандары тарапынан Ермұрат Бапи мырзаға ұзын-ырғасы 50-ден аса сұрақ келіп түсті. Спикеріміз 2 сағаттан аса уақыт отырып, сіздердің сұрақтарға жауап берді.

«Ислам Әбішев. Триллион үшін шайқас» - ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы, бүгінде тергеу изоляторында отырған Ислам Әбішев мемлекеттің 300 млрд қаржысын қалай сақтап қалғанын алдыңғы мақалаларынан білдік. Ал енді 1 трлн теңгені қалай үнемдеді? Бұл, жалпы, мүмкін бе? «Мүмкін емес! Ертегі!..» дерсіз. Ендеше, мұқият оқып шығыңыз...

QAMSHY.KZ. «Дін-діңгек: Біз қай жерде қателік жібердік?» -  «Теледидар харам» деп, олар осылай адасты. Оған кім кінәлі?

CAMONITOR.KZ. «Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының жаңа келген басшыларының жетістіктері мен сәтсіздіктері» -  Биылғы жылы Республикалық маңызы бар қалалардың үшеуіне де жаңа әкімдер келді. Олардың біреуі өзін көрсете білді және тіпті ду қол шапалаққа ие болды, ал біреуі тек ағыс бойынша, ол оны «қазына аралына» шығарады деген үмітпен жүзе беруді қалайды. Олардың алғашқы қадамдары мен жаңадан ғана қалыптаса бастаған бейнелерін бағалауға тырысып көрейік.

«Қазақстанның мәдени құлдырауы: тоннельдің соңында жарық бар ма екен?» - Әдебиетте де, классикалық музыкада да, кинематографияда да тәуелсіздік жылдары кезінде Қазақстанда бүкіл әлемге әйгілі болатындай ештеңе пайда болған жоқ. Және, сарапшылардың пікірінше, таяу болашақта пайда болуы екіталай. Бұл үрдісті өзгертуге болады ма деген тақырып бойынша біз өнертану докторы, академиялық профессор Гүлзада Омаровамен әңгімелесеміз.


30 қыркүйек 2019, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.