Атырау, 29 наурыз 19:24
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Жасөспірім Алматыдағы жаппай төбелес кезінде адам өлтірді деген күдікке ілінді

2 758 просмотра


 Жасөспірім Алматыдағы жаппай төбелес кезінде адам өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлады inAlmaty.kz.

«Жаппай төбелес Алматыда 22 қыркүйекке қараған түні орын алған. Төбелеске қатысушылардың бірі пышақтан жараланып, көз жұмған. (...)  Күдіктінің жасы 15-те», - делінген хабарда. Хабарда атап өтілгендей, жағдай Ақкент ықшам ауданында орын алған.

«Аталмыш қылмысты ашу мақсатында Алатау ауданы полиция басқармасында бірден арнайы шұғыл-тергеу тобы құрылған. Күдікті төрт сағаттан кейін  ұсталған. Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды», - деп хабарлады
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Тергеу амалдары ҚР ҚК 106 бабы 3 бөлімі (денсаулыққа әдейі ауыр зиян келтіру) бойынша жүргізілуде. Бұған дейін ғаламторда жаппай төбелес болғаны туралы видео тараған еді. Кадрда жасөсіпірімдер тобының жанжалдасқаны, содан кейін төбелестің басталғаны көрінеді, ал сосын жасөсіпірімдер тобы кадрдан кетіп қалады.

Дереккөз: ҚазТАГ

27 қыркүйек 2019, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.