Атырау, 20 сәуір 15:13
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Журналистиканың маңызы бар

Сурет
3 178 просмотра
Meduza интернет-басылымының бас редакторының орынбасары Александр Поливанов

- 19-21 қыркүйекте Душанбе қаласында осындай ұранмен өткен алғашқы MediaCAMPFest Орта Азия фестивалі 5 елден 150 қатысушының басын қосты. Оны АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азия MediaCAMP бағдарламасының аясында Internews командасы ұйымдастырды.

Үш күн бойына Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстаннан келген журналистер, редакторлар, медиасарапшылар, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары коммуникация саласындағы үрдістерді талқылады, аудиториямен жұмыс жасау үшін жаңа форматтар қолдануды үйренді.

Украина баспасөз академиясының тең құрылтайшы және медиа-жаттықтырушысы Татьяна Иванова

Фестиваль аясында журналистер мен Орталық Азиядағы тәуелсіз контент жасаушыларды қоғамдық маңызы бар оқиғалар мен құбылыстарды жариялауға ынталандыру мақсатында MediaCAMPAward байқауы өткізілді. Байқауда 5 номинация болды: «Билік және қоғам», «Көмек берер кез», «Қаһармандар жанымызда», «Шекарасыз ұрпақ - Мүмкіндіктер уақыты» және «Объектив».

Айтпақшы, «Шағын ел» және оның негізін салушы, нағыз күн адам Ерлан КҮМІСҚАЛИЕВ туралы өз материалымды байқаудың «Көмек берер кез» номинациясына жолдаған едім. Номинацияға төзімділік, жанашырлық және бей-жай қарамаушылық жайлы жарияланымдар, зор болмаса да қосқан үндері маңызды жандар туралы хикаялар қабылданды.


Сонымен 450 жұмыстың ішінен «Шағын ел» 39 финалға қатысушының қатарына кірді. Журналистика әлеміндегі мен секілді әлі де кішкентай адам үшін осының өзі жеңіс еді.

Анастасия АЛЮШИНА

Internews және автор түсірген суреттер

24 қыркүйек 2019, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.