Атырау, 23 сәуір 15:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

«Қытайға қарсылықтың жеті себебі. 55 жоба неге дау туғызды?», «ІІМ зейнеткеріне "ҚДТ-ға қатысу" айыбы қайта тағылды», «Журналистерге қарсы қылмыстар үшін жазасыздық жаңа қатыгездікке әкеледі – БҰҰ​», «Н.Айтұлы: Ақын-жазушылар биліктің жауы емес».

2 700 просмотра

QAMSHY.KZ. «"Күлдік те, қойдық": Досхан Жолжақсынов "кеңесші" әншілерді сынады (видео)» - Танымал актер Досхан Жолжақсынов "кеңесші" болып, шенеунік атанып жатқан өнерпаздарды сынға алды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

ABAI.KZ. «Президент Тоқаев диалогты қалайды. Ал депутат Жамалов ше?» - Аманжан Жамалов дейтін депутатты естуіңіз бар ма? Иә, ол биліктің биік мінберінен дауыстап тұрып, дабыл қағып, ел-жұрттың мұң-мұқтажын мазмұнын таратып, маңызын ашып, құзырлы органдардың құзыретіне жеткізіпті дей алмайсыз. Сіз де, біз де... Тіпті, өзі де. 

«Несіпбек Айтұлы: Ақын-жазушылар биліктің жауы емес» - Өткенде Елордада Азия қаламгерлерінің алғашқы форумы өткенін білесіздер. Азия құрлығының қырыққа жуық елінен және Қазақстанның әр аумағынан жиылған 300-ге тарта қаламгердің бұл басқосуы жайлы ел ішінде түрлі пікірлер айтылды. Бұл форум бізге не берді деген жалпының көңіліндегі жалқы сұраққа ұйымдастырушылар, яғни Қазақстан Жазушылар одағы басшылығы жауап та берді. Десе де біз бүгін ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлын сөзге тарттық...

INFORMBURO.KZ. «Қытайға қарсылықтың жеті себебі. 55 жоба неге дау туғызды?» - Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапарлап қайтты. Қытайдан басқа елдермен арада неге мұндай жобалар жоқ?

365INFO.KZ  «Фонограммаға тыйым салынса, әншілер қалай күн көреді?» - Бүгінде әншілердің барлығы дерлік концерттерін фонограммамен өткізеді. Мұны тыңдарман да жақсы біледі.

AZATTYQ.ORG «"Сабақ алмады". ІІМ зейнеткеріне "ҚДТ-ға қатысу" айыбы қайта тағылды» - Талдықорғанда отставкадағы полиция майоры Болатхан Жүнісовтың ісі бойынша сот процесі басталды. Оған елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" ұйымының қызметіне қатысты деген айып тағылған. Бұған дейін сот дәл осындай айыппен оның бас бостандығын шектеген.

ҚазТАГ «Журналистерге қарсы қылмыстар үшін жазасыздық жаңа қатыгездікке әкеледі – БҰҰ» - 2017 жылдың қаңтары мен 2019 жылдың маусымы аралығында 207 журналист қайтыс болды.


17 қыркүйек 2019, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.