Атырау, 28 наурыз 21:41
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Иран Парсы шығанағында тағы бір кемені ұстады

2 001 просмотра


Иран билігі Парсы шығанағында Біріккен Араб Әмірлігіне дизель отынын апара жатқан кемені ұстады. Бұл жөнінде «Reuters» «ISNA» иран агенттігіне сілтеме жасап хабарлады. 

Кемені ұстау Сауд Арабияның мұнай өндіретін инфрақұрылымына шабуыл жасаған сәтімен сәйкес келген. 14 қыркүйекте дрондар мұнай өндіретін зауытқа шабуыл жасады. Шабуылды Иранмен байланысы бар делінген йемендік көтерілісші-хуситтер мойнына алған. Кейіннен аталмыш оқиғаға байланысты АҚШ мемлекеттік департаменті Теһранды айыптады. Иран болса бұл айыптауларды теріске шығарып, ешқандай шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді Әлемдегі ең ірі мұнай экспорттаушы Сауд Арабия тәуліктік мұнай өндіруді екі есеге түсірді. Шикізат бағасы бірден өсіп кетті. Brent маркалы мұнайдың бағасы 14 процентке өсіп, баррелі 70 долларға жетті. АҚШ президенті Дональд Трамп жағдайды реттеу үшін мұнай қорын пайдалануға тапсырма берді.

Дереккөз: Qazaqtimes.com

17 қыркүйек 2019, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.