Атырау, 29 наурыз 11:52
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Иран: Сауд Арабиясындағы мұнай зауыттарына жасалған шабуылға еш қатысымыз жоқ

2 172 просмотра


Сауд Арабиясының 2 мұнай зауытына жасалған шабуылға еш қатысымыз жоқ. Иран сыртқы істер министрінің ресми өкілі Аббас Мусави АҚШ тарапының таққан айыптауларына осылай деп жауап қатты. Оның пікірінше, Ақ үй Тегеранға жалған әрі дипломатиялық тұрғыда негізсіз жала жауып отыр. 

Сенбі күні мемлекеттік хатшы Помпео Saudi Aramco мұнай компаниясына жасалған шабуылдардың артында тікелей Иран тұрғанын айтқан болатын. АҚШ сенаты тіпті жауап ретінде Тегеранның мұнай өндіруші нысандарына шабуыл жасау керек деді. Ал Иран тарапы мұндай жағдайда соғыс басталады деп ескерту жасады. 

Еске сала кетейк, жұмадан сенбіге қараған түні Йемендегі хуситтер Сауд Арабиясының Абкайк пен Хурайс мұнай кен орындарындағы зауыттарды дрондармен шабуылдап, олар өртке оранған. Абкайктегі өнеркәсіп қара алтынды өңдейтін әлемдегі ең ірі зауыттың бірі болып саналады.

Дереккөз: 24.kz 


16 қыркүйек 2019, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.