Атырау, 20 сәуір 15:11
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Елордалық сарапшылар атыраулық дәрігерлердің қателігі қылмыстық бапқа негіз болатындығын көрсетті

3 598 просмотра


Атырау қалалық прокуратурасы жаңа туған нәресте өлімі бойынша №3 қалалық емхана дәрігерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Бұл балалардың аналары перинаталдық орталыққа босануға бармас бұрын осы емхана бақылауында болған. Қызметтік тергеу мен елордалық сарапшы мамандар жүргізген тексеру нәтижелеріне сүйенсек, дәрігерлердің бұл өлімнің алдын алуға мүмкіндіктері болған.

- Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабының 3-тармағына (Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан медицина жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы) сәйкес жүргізілуде. Бұл іс Полиция департаментінің өндірісінде және облыс прокурорының ерекше бақылауына алынды, - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінде.

Бұдан басқа, №4 және №5 қалалық емханалардың жұмысынан 5 жүкті әйелге медициналық қызмет көрсету бойынша осындай фактілер анықталды. Олар қалалық прокуратураның ақпаратты тіркеу кітабына енгізіліп, материалдар Атырау қалалық полиция басқармасына қылмыстық іс қозғау үшін жолданды.

«АЖ»-ға белгілі болғандай, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары облыстық прокуратураның жыл басынан бері облыстық перинаталды орталықта туылғаннан кейін немесе анасының құрсағында бірден 133 нәрестенің шетінегені  туралы хабарламасынан кейін жүргізілген қызметтік тексерулер нәтижелері мен елордалық сарапшылардың қорытындылары бойынша басталған.

Фархат ӘБІЛОВ

11 қыркүйек 2019, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.