Атырау, 25 сәуір 21:31
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Балапан» - 3 жастан жоғары балаларға арналған

5 525 просмотра


«Балапан» - 3 жастан жоғары балаларға арналған

- 2 жасқа дейінгі балалар «Балапан» бағдарламасына қатыса ала ма?

- Үкіметтің 2018 жылғы 24 шілдедегі «ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, 3-6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтылу үлесі 100% құрауы керек. Сондықтан мемлекеттік білім беру тапсырысы 3 жастан басталады.


Ауыл балаларына сәл көбірек

- Балалары «Балапан» бағдарламасы бойынша балабақшаға баратын ата-аналарға мемлекет қанша сома төлейді?

- Айына бір тәрбиеленушіге жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері: ауылдық мектепке дейінгі ұйымдар үшін - 30 708 теңге, қала бойынша - 28 060 теңге.


Мемлекет тарапынан - күніне 500 теңге

- «Балапан» бағдарламасы аясында жеке балабақшаларға ақы төлеудің қандай да болмасын шарттары бар ма? Біздің білуімізше, мемлекет жартысын төлейді, бірақ ай сайынғы төлем 100 мың теңгені болатын балабақшалар бар ғой.

- Мемлекеттік білім беру тапсырысымен орналастырылған жеке балабақшаларда ата-аналар балалардың тамағы үшін, яғни күніне 500 теңге төлейді. Бірақ мектепке дейінгі ұйым сәбиге ата-анасының қалауы бойынша қосымша білім беру және сауықтыру қызметтерін (ақылы және тегін) ұсынуға құқылы. Яғни, мемлекет балабақшаға жан басына қаржыландыру мөлшерін төлейді, ал қосымша қызметтер ата-аналардың өз қалтасынан төленеді.


Барлығы indigo арқылы

- Егер ата-аналар баласын «Балапан» бағдарламасы бойынша жеке балабақшаға орналастырғысы келсе, бір жерге тіркелу керек пе немесе қосымша келісімшарт жасау керек пе? Мемлекет белгілі бір бала үшін жарты құнын төлеу керек екенін қайдан біледі?

- Мемлекеттік қызметтер стандартына сәйкес, құжаттар қабылдап, балаларды балабақшаға бөлу тек кезек арқылы жүзеге асырылады. Заң талаптары мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мемлекеттік және жеке балабақшаларға бірдей. Жеке мектепке дейінгі мекеме, егер бала «indigo» электронды жүйесіне тіркелген жағдайда ғана мемлекеттен қаржыландырылады. Баланы бөлу үшін сізге осы жүйенің ішінде кезек арқылы берілетін жолдама қажет. Сондықтан, ата-аналар «indigo» жүйесіне тіркеліп, бос орын болған жағдайда жолдама алуы керек. Бұдан басқа, мемлекеттік тапсырыс орналастырылған жеке мемлекеттік балабақшалар келісімшартқа сәйкес, әр айдың соңында білім бөліміне электронды табель мен орындалған жұмыс актісін ұсынады, соған сәйкес олар көрсеткен қызметтер төленеді.


Атырауда мемлекеттік бөбекжай жоқ

Атырауда 2 жасқа дейінгі сәбилерді қабылдайтын мемлекеттік сәбилер бақшасы бар ма? Болса атасаңыздар екен.

Атырауда 43 балабақша бар, оған балалар 2 жастан бастап барады. Одан кішілерін қабылдамайды. Бөбекжайлар сәбиді 1 жастан бастап қабылдауы тиіс қой.


Шетелдіктердің балалары үшін тәртіп қандай

Біздің кеңседе Ресей мен Украинадан келген бірнеше маман жұмыс істейді. Олар балаларын біздің мемлекеттік балабақшаларымыз бен мектептерімізге қалай рәсімдей алатынын айтсаңыздар екен. Олар шетелдіктер ғой, ЖСН-дары жоқ. Бұл жағдайда не істеу керек? Өйткені сайтта ЖСН болса ғана тіркеле алады.

http://indigo.atyrau.e-orda.kz порталы арқылы мектепке дейінгі балалар ұйымына кезекке тұрғанда баланың ЖСН-і жоқ екендігі көрсетілуі керек. Бұл жағдайда жүйе баланың жеке басын куәландыратын шетелдік құжаттың көшірмесін жалғауды ұсынады. Өтініш берушілерге (ата-аналарға) ЖСН міндетті болып табылады, оны салық комитетінен алуға болады. Шетелдік балаларды 1-сыныпқа қабылдау туралы өтініштер мектеп кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. Ата-аналар тұрғылықты жеріндегі мектепке жүгінуі керек. Бұл «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартымен және ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі №179 бұйрығымен реттеледі.

Барлық сұрақтарға қалалық білім бөлімінің басшысы Фаруза ШАҢГЕРЕВА жауап берді.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

11 қыркүйек 2019, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.