Атырау, 20 сәуір 13:13
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Есіңіз дұрыс па, Елші мырза?», «Марғұлан Сейсембай: “Елімізде қытайлық кәсіпорындардың салынуына қарсымын”», «"Божко халықтан тізерлеп тұрып кешірім сұрауы тиіс". Депутат сөзіне реакция», «Мақсат Кенжебаев: "Қоқан-лоқыдан соң үйім өртенді"».

4 414 просмотра

AZATTYQ.ORG «Қаза тапқан жігіттің әкесі: "Ұлымды бірнеше адам өлтірген"» - Қарағандыда биылғы қаңтардың 1-іне қараған түні адам өлімімен аяқталған жаппай төбелеске байланысты қозғалған іс бойынша алдын-ала сот тыңдауы өтті. Қоғамда резонанс туғызған қылмысқа күдікті ретінде 13 адамға айып тағылған.

«"Божко халықтан тізерлеп тұрып кешірім сұрауы тиіс". Депутат сөзіне реакция» - Мәжіліс депутаты Владимир Божконың "елде үш жылдың ішінде әлеуметтік көмек 17 есе өскен, сол үшін мемлекетке тізерлеп, алғыс айту керек" деп халыққа қарата айтқан сөзі қоғамда сынға ұшырады.

«Жаңаөзендіктер бастаған "Қытай экспансиясына қарсы" акция бірнеше қалада жалғасты» - Қыркүйектің 4-і күні Қазақстанның кемінде алты қаласында "Қытай экспансиясына қарсы" наразылық шаралары өтті. Билік өкілдері "Рұқсат етілмеген жиын өткізуге болмайды" деп жұртты таратуға тырысқанмен, олардың ескертуіне ешкім құлақ аспады. Қазақстандағы Қытай елшісі оқиғаға байланысты пікірін айтты.

«Мақсат Кенжебаев: "Қоқан-лоқыдан соң үйім өртенді"» - Ауылындағы әлеуметтік мәселелерді шешуді талап етіп жүрген белсенді өзіне бірнеше "ескерту" жасалғаннан кейін үйі өртенгенін айтады. Полиция "қасақана өрт қойғанына дәлел жоқ" дейді.

CAMONITOR.KZ. «Қазақ қоғамының дағдарысы: «өз тамырларымызға» қайта оралу бізді тығырыққа әкеліп тіреді» - Central Asia Monitor сайтында ақын және шығыстанушы Дастан Қадыржановпен болған біздің қоғамымыздың бүгінгі жағдайы және оның проблемалары туралы сұхбатын оқыдым. Менің ойымша, әрине, бұл қызықты әрі мазмұнды әңгіме болды.

ABAI.KZ. «Есіңіз дұрыс па, Елші мырза?» - Екі-үш күннен бері Жаңаөзен жұрты өз өкіметіне, өз билігіне, өз президентіне дат айтып, дабыл қағып, Қытайдың 55 зауытының Қазақстанда салынуына қарсылық білдіріп жатыр. Зауыттардың салынбайтынына басқа-басқа емес, Президенттің өзі кепілдік беруі керек деген талап қойды. Батыстағы Жаңаөзен бастап берген қарсылық акциясын Шымкент, Ақтөбе мен Астана қолдап, бүгін Алматы мен Семей жалғады.

«Ұлттық жазудың ұлы зергері» - Cан ғасырлық тарихы бар, өркениетті әлемге кеңінен тараған араб, латын, кирилл, т.б. әліпбилері әрқашанда ондаған тілдің жазба түрде қызмет етуіне негіз болып, жалпы адамзат мәдениетінің дамуына, қоғамның ілгерілеуіне ерекше ықпал етті. Олардың біреуі "жақсы", "керемет", екіншісі "түкке тұрғысыз", "нашар" деп үзілді-кесілді "үкім" шығаруға болмайды.

DALANEWS.KZ.  «Марғұлан Сейсембай: “Елімізде қытайлық кәсіпорындардың салынуына қарсымын”» - Танымал кәсіпкер, қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембайға соңғы кездері қысым күшейіп тұр. Кәсіпкердің өзі бұл туралы егжей-тегжейлі жазыпты. Айтуынша, «қасқөй қарсыластары» қазіргі күні оның атына кір келтірудің сан түрлі амалын іздеп, аласұрып жүр. Алайда халықтың қолдауы арқасында әлгіндейлердің сасық қулығы әшкере болып, сан соғыпты.


5 қыркүйек 2019, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.