Атырау, 24 сәуір 23:00
 ашықВ Атырау +21
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​АҚШ-та қылмыскерді ұстау кезінде бірнеше адам қаза тапты

2 488 просмотра


АҚШ-тың Техас штатында атыс болып, қылмыскермен бірге 4 адам қаза тапты. Тағы 21 тұрғын жарақат алды. 

Оқиға Мидленд қаласында полицейлердің жеңіл көлікті тексеру үшін тоқтатқаннан басталған. Бірақ жүргізуші тәртіп сақшысын атып, қашады. Жолда адамдарға оқ атып, көлігін ауыстырып, Одесса қаласына кіреді. Осы шаһарда кинотеатрдың жанында полицейлермен атысып, бірнеше адам қаза тауып, ондаған жүргінші жарақат алды. Тәртіп сақшылары қылмыскерді атып түсірген. Әзірге қаскөйдің аты-жөні жарияланбай отыр. Оның мұндай әрекетке неге барағаны да белгісіз. Оқиғадан кейін вице-президент Майкл Пенс билік елде қаруға бақылауды күшейту мәселесін одан әрі талқылайтынын жеткізді.

Дереккөз: 24.kz

1 қыркүйек 2019, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.