Атырау, 20 сәуір 02:54
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атыраудағы драма театры жеке инвестициялар есебінен қалпына келтіріледі

3 275 просмотра


Қазір оқиға орнында жұмыс істеп жатқан комиссия өрттен болған нұқсанның нақты көлемін анықтайды, - деп хабарлады Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Алдын-ала мәлімет бойынша, сахнаны, зал мен театрдың жабдығын от шалмаған, өрттен ғимараттың шатыры мен трансформаторға зиян келген. Қазір оқиға орнында жұмыс істеп жатқан комиссия өрттен болған нұқсанның нақты көлемін анықтайды. Театралдық маусымда облыстың тұрғындары театрға келуге мүмкіндік алуы үшін, бұны неғұрлым тез істеуге тырысамыз,- деді Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов. - Бұл қала тұрғындары үшін ауыр соққы болды. Сонымен қатар, адамдар бейжай қалмай, қолдан келер көмектерін көрсетуге тілек білдіргені қуантады. Көптеген бизнесмендер осы проблемадан тыс қалмай, театрды қалпына келтіруге көмектесуге ынталы екендерін білдірді.  

С.Шапкеновтің айтуынша, өрт болған сәттен бастап, көптеген бизнес өкілдері өрттен зардап шеккен М.Өтемісов атындағы драма театрын қалпына келтіруде қалаға көмектесу жөнінде бастама көтерді. Бұл аталмыш нысанды толықтай жеке инвестициялар есебінен қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

23 тамыз 2019, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.