Атырау, 20 қазан 11:27
Күндіз ашық+18, кешке +11
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 389.94  € 433.50  P 6.10

​Маңғыстау облысында ауыл әкімі мен орынбасары сотталды

23 тамыз 16:04


Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотында Маңғыстау ауылының әкімі Қалқатай Өтемұратовқа, оның орынбасары Бекболат Қасымовқа және "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Азамат Көбегеновқа сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Лада".

Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша ("Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану") кінәлі болып танылды.  Қалқатай Өтемұратов 3 жыл алты айға, Бекболат Қасымов - 3 жылға және Азамат Көбегенов - 4 жылға сотталды. Олар өмір бойына мемлекеттік қызметте және жергілікті атқару органдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды.  "Олар сот залында қамауға алынды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Тараптар 15 күн ішінде апелляцияға бере алады", - деді облыстық сот баспасөз қызметінің өкілдері.

Дереккөз: tengrinews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

1037 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3