Атырау, 29 наурыз 16:32
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Отыз күн қамауда болған оппозиционер Навальный бостандыққа шықты

2 010 просмотра


Ресейлік оппозициялық саясаткер әрі Жемқорлықпен күрес қорының жетекшісі Алексей Навальный 23 тамызда таңертең Мәскеудегі әкімшілік сот жазасын өтейтін мекемеден бостандыққа шықты. Бұл туралы бүгін оның баспасөз хатшысы Кира Ярмыш хабарлады.

Бейсенбі күні Мәскеу соты Навальныйдың қамауда отырған кезде астан уланып қалғаннан кейін ауруханада өткізген уақытын қосып, оның жаза мерзімін ұзартуды сұраған мекеме әкімшілігінің өтінішін қанағаттандырмай тастаған.

Кира Ярмыш Twitter-дегі парақшасына Навальныйдың Мәскеудегі жаза өтеу мекемесінен шыққан сәтінен түсірілген фотосуреттерді жариялады.

Кремль саясатын сынайтын саясаткер Алексей Навальный өткен айда Мәскеудегі "рұқсат етілмеген митингіге қатысқаны" үшін сот шешімімен 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынған болатын.

28 шілдеде өзін жайсыз сезінген Навальный қамау орнынан ауруханаға жеткізілген. Ресми ақпарат бойынша, оппозиционерге "терісі қабынған" деген диагноз қойылған. Навальныйдың кей жақтастары оппозиционерге дертті "әдейі жұқтырған" болуы мүмкін деп санайды. Ауруханада 19 сағатқа жуық болғаннан кейін Навальныйды қайтадан әкімшілік жаза өтеушілер отырған мекемеге қайтарған.

Дереккөз: Азаттық радиосы


23 тамыз 2019, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.