Атырау, 20 сәуір 10:11
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Спорт жаңалықтары

3 105 просмотра

ХОККЕЙ

"АЖ" мұрағатынан

Алматыда өткен хоккейден Қазақстан Кубогының үш күндегі қорытындысы бойынша атыраулық «Бейбарыс» командасы екі матч өткізіп, 5 ұпай жинады. «А» тобының көшбасшысы «Алтай Торпедо» 6 ұпайға ие болды.

Турнирдің бірінші күнінде «мәмлүктер» овертаймда рудныйлық «Горняктан» 3:2 есебімен басым түсті. Екінші күні олар «Астананы» жеңіп, жауапсыз 10 ұпай салды. Бакулин, Дзедаев, Кочетков, Савенков, Вишняков, Лоншаков, Макаров, Куликов (2), Кучин гол соқты. Қақпаларына шайба салдырмаған «Бейбарыс» қақпашыларын атап өту керек, олар: Микушин мен Базарбеков (екінші кезеңнің ортасында ауысымға шықты).

КҮРЕС

Құлсары қаласында 2002-2004 жылғы ауыл жастары арасында еркін күрестен ҚР чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің бүкіл облысынан спортшылар қатысты.

Алтын алқа саны бойынша облыс құрамасы бірінші орынға, Алматы облысының командасы екінші орынға, Шығыс Қазақстан облысының командасы үшінші орынға ие болды.

Атырау құрамасында Нұржан Мұхтаров, Талап Жолдасов, Ерсұлтан Ерболатұлы ҚР чемпиондары атанды. Нұрлыхан Аманғалиев күміс, ал Алмат Мұхтапаров қола жүлдеге ие болды. Палуандарды бапкерлер А.Лекеров, Қ.Жұманов және Н.Әлжанов дайындады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

22 тамыз 2019, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.