Атырау, 20 сәуір 03:11
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Мемлекеттік қызмет істері департаментіне жаңа басшы келді

4 232 просмотра


33 жастағы Расул МЕДЕТОВ ротация бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне басшы болып тағайындалды.

Батыс Қазақстан облысының тумасы Қазақстанда білім алғаннан кейін Ұлыбританияда «Болашақ» бағдарламасымен «Басқару және мемлекеттік саясат» мамандығы бойынша магистратураны аяқтаған.
Мемлекеттік қызметші ретінде еңбек жолын 2009 жылы Алматы қалалық әскери гарнизонының жетекші маманы болып бастады.
2010 жылы қыркүйек айында ауысу тәртібімен ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттар қызметін ұйымдастыру комитетінің Информатизация және ақпараттық байланыс бөлімінің бас маманы қызметіне тағайындалған.

2010-2017 жылдар аралығында ҚР Жоғарғы Соты аппаратында сарапшы, бас сарапшы, бас консультант және сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2017-2018 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Өткен жылдың қаңтар айынан бастап Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

Өткен жылдың 13 ақпанынан бастап, қазіргі тағайындауға дейін Ақтөбе облысы бойынша «Мемлекеттік қызмет» департаментінің басшысы болды.

Бұдан басқа, Медетов Атырау облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы лауазымына тағайындалды.

Департаменттің одан бұрынғы басшысы - 54 жастағы Тоқтамыс ЖҰМАҒҰЛОВ Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментіне басшы болып тағайындалды.

Фархат ӘБІЛОВ

14 тамыз 2019, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.