Атырау, 28 наурыз 23:02
 бұлттыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Қарағанды облысында жергілікті жұмысшылар шетелдіктермен қақтығысты

2 559 просмотра


Қарағанды облысында жергілікті және шетелден келген жұмысшылар арасында жанжал шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиға 12 тамызда Жәйрем ауылында болған. Жанжал салдарынан кен-байыту комбинатының бірнеше шетелдік жұмысшысы жеңіл жарақаттар алған. Оларға медициналық көмек көрсетілді. 

Бұл жағдайды реттеу үшін оқиға орнына Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов барды. Өңір басшысы жергілікті тұрғындармен және комбинат жұмысшыларымен кездесті. "Кездесу нәтижесі бойынша жағдай реттелді. Ауылдағы жағдай бірқалыпты, облыс әкімінің бақылауында", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер. Жанжалдың себебі әзірше белгісіз.

Дереккөз: Tengrinews.kz

13 тамыз 2019, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.