Атырау, 28 наурыз 14:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Спорт жаңалықтары

3 490 просмотра

ТАЭКВОНДО

2-4 тамыз аралығында «Атырау» ДСК-де таэквондодан V Жазғы спартакиада өтті.

Атырау құрамасы бұл сайыстарда өте сәтті өнер көрсетті. Атыраулықтардың нәтижелері: алтын алқа - Айгүл Елубай, күміс алқа - Айдана Еділбаева, Сағдат Жолдасбаев, Алмас Меллатов, Үмбет Шакиев, қола алқа - Жадыра Хайруллина және Майра Сүйенбекова.

****

САМБО 

Ақтауда 23 жасқа дейінгі жастар арасында әскери самбодан өткен ҚР чемпионатында атыраулықтар табыспен оралды.

Команда 4 алтын, 1 күміс және 5 қола алқа алып қайтты. Алтын алқа саны бойынша Атырау командасы бірінші орынға, Ақтау командасы екінші орынға, Қарағанды командасы үшінші орынға ие болды.

«Мұнайлы астана» командасының құрамындағы алтын алқа иегерлері: Еркебұлан Қуанғалиев, Рамазан Ибатолла, Айбек Әділов және Ерасыл Жомартұлы болды. Күміс алқаны Әлібек Ибатолла жеңіп алды. Қола жүлдегерлер: Ерасыл Серікқали, Жасұлан Әубәкіров, Шерхан Нығмашев, Ерназ Ерқуатов және Рүстем Мұңылбай.

****

ФУТБОЛ 

4 тамызда «Мұнайшы» стадионында «Атырау» және «Тобыл» (Қостанай) командалары арасында ел чемпионатының 21-турының матчы өтті.

Алаңда көп уақыт бойына матч қонақтары басым түсті. 38-минутта бұрыштан доп беру кезінде «Тобыл» командасының ивуарлық шабуылшысы Сенин Себаи  допты «Атырау» қақпасына баспен салды. Төрешінің соңғы ысқырығына дейін матч есебі өзгерген жоқ - 0:1. Нәтижесінде, «Тобыл» ҚР чемпионатының турнир кестесінің жоғары жағына шығып, ал «Атырау» 10-орынға түсті.


КҮРЕС

Тасқала ауылындағы БЖСМ-3-де грек-рим күресінен 2002-03 жылғы ауыл жастары арасында ҚР чемпионаты өтті.

Атырау командасы алтын алқа жеңіп алмаса да, лайықты өнер көрсетті. Абылай Қапен, Саят Қуаныш, Ерхан Бисахов және Алдияр Сағындық финалға дейін жетіп, күміс жүлдеге ие болды. Қола жүлдегерлер: Исламбек Хамидоллаев, Ғазиз Айбарұлы, Николай Маркелов, Бекет Бақтығали және Арсен Хатифолла.

Спортшылар мен жаттықтырушылар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Р.Х.Ибрагимовқа турнирді ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

8 тамыз 2019, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.