Атырау, 24 сәуір 17:25
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

«Билік тағайындаған кадрды facebook қызметтен қуа бере ме?», «"Бұл бастамаға тоқтау салу керек". Qaznet сертификаты жайлы», «Қазақстанға Ресейден келетін ақша азая бастаған», «Қазақстанда орыстардың болашағы бар ма?».

3 267 просмотра

AZATTYQ.ORG «Ұрсып алып, кешірді. Президент Рахмон сынаған кеденші» - Президент Эмомали Рахмон авторитарлық әдіспен басқаратын Тәжікстанда азаматтардың барлығы заң алдында бірдей дегенге түрмеге қамалған ондаған оппозиция қайраткері мен елден кетуге мәжбүр болған билік оппоненттері келісе қоймайды.

«Бердімұхамедовтің "Тозақ қақпасына" баруы» - Түркіменстан мемлекеттік телеарнасы ел басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовтің демалысын қалай өткізіп жатқанын көрсетті. Едәуір уақыт көпшілік алдына шықпаған соң президенттің "қайтыс болғаны" жайлы сыбыс тараған еді.

«"Бұл бастамаға тоқтау салу керек". Qaznet сертификаты жайлы» - Қазақстандық қолданушыға арналған Qaznet Trust Network "қауіпсіздік сертификатын" билік жаппай орнатуға шақырады. Мамандар бұл бастама интернет үшін аса қауіпті екенін айтып, оны енгізу процесін тоқтату керек деп санайды.

ABAI.KZ. «Билік тағайындаған кадрды facebook қызметтен қуа бере ме?» - Апта ауыс-түйіспен басталды. Бірлі-жарым кісі кресло ауыстырып, лауазым-қызмет алды. Енді біреулері қызметтен қуылды. Қуылғанда да, сөгіс алып, сыйсыз кетті. Сенімнен айырылды. Ол –Шымкенттің ендігі экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов. 

CAMONITOR.KZ. «Этносаралық некелер республика игілігі ме әлде ұлттық қауіпсіздікке қатер тудыратын нәрсе ме?» - Өткен аптада әлеуметтік желілерде тағы да ұлтаралық некелер тақырыбы көтерілді. Әдеттегідей, айыптаулар мен тіпті қорқытулар бастала кетті. Ал кейбіреулер өздеріне ұлт тазалығы туралы нацистік ұрандар айтуға мүмкіндік бере отырып, шын мәнінде шектен шығудан тайынбады.

«Қазақстанда орыстардың болашағы бар ма?» - Жедел түрде өткізілген дерусификация, этносаралық шиеленістің өсуі, орыс тілінен бас тарту, Қазақстаннан орыс халқының жаппай кетуі. Алармистер, яғни барлығын жамандыққа болжауға тырысатын адамдар біздің елде алдағы саяси элиталардың ауысуын ескере отырып, дәл осындай сценарий орын алады деп қорқытқан еді. Басталған билік транзиті қазақстандық орыстарға қалай әсер етті, оларға жақын болашақта не күтуге болады? Біздің бүгінгі әңгімеміз осы жөнінде.

INFORMBURO.KZ. «Баспана нарығы "отырды". Үй иелері бағаны түсіріп жатыр» - Былтыр Үкімет республика бойынша 2019 жылы 12,5 млн шаршы метр тұрғын үй салынады деп жоспарлаған еді. Өткен аптадағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Инвестиция және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр жыл соңына дейін 13,1 млн шаршы метр үй салынатынын жеткізді. Бұл -республика бойынша тарихи рекорд болмақ. Құрылыс саласына салынған инвестицияның 11% -ға өскені жоспарды артығымен орындауға себеп болуы мүмкін.

365INFO.KZ «Қазақстанға Ресейден келетін ақша азая бастаған» - 2 ай ішінде Қазақстаннан Ресейге аударымдар көлемі 12%-ға, Ресейден Қазақстанға — 30%-ға төмендеді. 


6 тамыз 2019, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.