Атырау, 19 сәуір 13:02
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Спорт жаңалықтары

2 681 просмотра

МУАЙ-ТАЙ


Доссорлық Еламан Саясатов «А» санаты (Elite) бойынша Бангкокта өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Оның алғашқы қарсыласы Макао спортшысы Со Цуен Чуен болды. Жекпе-жек 30:27 есебімен Қазақстан өкілінің пайдасына аяқталды. Содан кейін Еламан Франция намысын қорғаған Акрам Хамидиге қарсы шықты. Бірінші раундта төрешілер французға басымдық берді, екінші кезеңде біздің спортшымыз ұпай теңестірді. Ал үшінші раундта 29:28 есебімен жеңіске жетті. Жартылай финалда Еламан перулік Николас Янгтаннан 27:30 есебімен ұтылып, нәтижесінде қола алқа иеленді.

Чемпионатқа атыраулық ағайындылар Ищан мен Әбіл Ғалиевтар да қатысты, бірақ олар алдын-ала айналымнан өтпеді.

ДЗЮДО

Ақтауда дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған Азияның Ашық кубогы өтті. Азия мен Еуропаның 11 елінен келген жүзден астам дзюдошылар татамиде кездесті.

Атырау құрамасының қоржынында екі қола алқа бар. Оның иегерлері - Гүлзада Алмаз және Сұңғат Закарияев.

 

* * * * *

Тайбэйде дзюдодан жастар арасында Азия чемпионаты өтті. Атыраулық спортшылар Ақжол Қайыпхан мен Ермек Амангелді ұлттық құрамада жақсы өнер көрсетті.

52 келіге дейінгі салмақтағы Ақжол Қайыпхан Түркия мен Оңтүстік Кореядан келген қарсыластарын «иппон» әдісімен лақтырғанымен, финалда татами иесіне есе жіберіп, нәтижесінде күміс алқа алды. 66 келіге дейінгі салмақтағы Ермек алғашқы жекпе-жекте қырғызстандық қарсыласынан басым түсіп, жартылай финалда Түркия өкілінен жеңіліп, осылайша қола алқа жеңіп алды.

 

ФУТБОЛ

Ақтауда 2008-2009 жылғы жасөспірімдер арасында футболдан «Каспий» ФК бұрынғы бас бапкері Сәрсенбек Келжановты еске алуға арналған республикалық турнир өтті. Оған 12 команда қатысты. Атырау облысының атынан Жылыой ауданының «Құлсары» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы қатысты.

Алдын-ала кезең мен жартылай финалдан кейін алтын алқа үшін «Құлсары» мен «Батыр» (Ақтау) командалары кездесті. Қызу тартыста біздің жас футболшылар 2:4 есебімен жеңіліп қалды.

Жылыойлықтарды жаттықтырушылар Аманжан Байбосынов пен Аманбай Әбілдиев дайындады.

1 тамыз 2019, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.