Атырау, 15 қыркүйек 12:27
Күндіз ашық+25, кешке +20
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 387.15  € 426.95  P 5.95

Қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжалда "адам өлгені" хабарланды

23 шілде 09:37


Ресми ақпарат бойынша Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қақтығыс кезінде бір адам өліп, бірнешеуі жараланған. 

Шекараның тәжікстандық бетіндегі Ворух ауылының Точикон махалласының жетекшісі Гафурджон Джураевтың Азаттыққа айтуынша, 22 шілде күнгі қақтығыс кезінде бір тұрғын қаза тауып, жетеуі жаралы болған. Ол ауылдағы қырғыз тұрғындардың мылтық қолданып, тәжіктердің тас атқанын айтты.

Ферғана аңғарының тәжікстандық бөлігіндегі Ворух ауылы Исфара-Ворух жолының бойына Тәжікстан туларын тіге бастағанда қырғыз тұрғындар қатты наразы болған. Қазір жолды қырғыздар жауып тастады. Қақтығыс орнына жеткен арнайы әскер оларды тыныштандырды.

Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі бес адамның жараланғанын растады. 

Шекараның екі бетіндегі ауыл тұрғындары осы аймаққа келе жатқан екі ел басшыларының ресми сапары алдында туларын іле бастаған. Әлі расталмаған бір дерек бойынша осындай қақтығыс Ходжа Ало ауылында да шыққан.

Совет Одағы 1991 жылы құлағалы бері Орталық Азиядағы кейбір ел әлі шекара мәселесін шеше алмай келеді.

Әсіресе, Тәжікстан, Өзбекстан мен Қырғызстанға ортақ Ферғана аңғары бойындағы территорияның даулы тұстары көп.

Дереккөз: azattyq.org 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

314 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3