Атырау, 20 сәуір 09:33
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Тоқаев судьялар мен әкімдерді тағайындаудан да бас тарта ма?», «Денис Тен қайтқалы жыл өтсе де полиция "реформаланып" бітпеді», «Е.Бапи: Жастар бұлай өмір сүруге болмайтынын сезеді және қарсылық танытуға болатынын көрсетеміз деп шешті».

2 484 просмотра

AZATTYQ.ORG «Денис Тен қайтқалы жыл өтсе де полиция "реформаланып" бітпеді» - Белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің шабуылдан қаза тапқанына бір жыл толған кезде ішкі істер министрлігін реформалау қажеттігі туралы талқылау әлі басылған жоқ. Кезінде «әрекетсіздігі» үшін сыналған полиция қызметінде не өзгерді?

«Тоқаев судьялар мен әкімдерді тағайындаудан да бас тарта ма?» - Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық университеттердің ректорларын президент жарлығымен тағайындау процедурасының күшін жоятынын мәлімдеді. Азаттық тілшісі сөйлескен сарапшылардың бірі «Тоқаевтың ректорларды тағайындаудан бас тартуын көзбояушылық» десе, енді бірі бұл бастаманы жақсылықтың нышанына балайды.

«Баспасөз жиынына қарсылар журналистерге шабуылдады» - Алматыда қазақстандық адам құқығы бюросындағы баспасөз жиынына барған Азаттық пен өзге де бірқатар БАҚ өкілдеріне белгісіз адамдар шабуыл жасады. Олар журналистердің техникасын сындырып, жоспарлы шараны өткіздірмей тастады.

«Арыста жараланғандардың қазіргі халі» - Арыстағы әскери қойма жарылысы кезінде зардап шеккендердің кейбірі ем-домы аяқталған соң үйіне оралса, кейбірі әлі туыстарын паналап жүр. Қалалық аурухананың бас дәрігері "оларды сауықтыру орындарына жіберу керек" дейді.

CAMONITOR.KZ. «Тоқаевтың командасы қоғамдағы және елдегі сенім дағдарысын жеңуге қол жеткіземе?» - Өткен дүйсенбі күні президенттің қатысуымен болған Үкіметтің кеңейтілген отырысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың командасы бұзылған балансты қалпына келтіріп қана қоймай, басқа да мәселелердің алдын алуға тырысатынын көрсетті. Оған қол жеткізу мүмкін бе әлде жоқ па? Алға асықпай, ұлттық зерттеулер институтының директоры, саясаттанушы Бұрихан Нұрмұхамедовпен бірге осы үдерісті ілестіріп отырған үрдістерді түсінуге тырысамыз және жақын болашаққа сәл көз жүгіртіп көреміз.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: билік пен қоғамның диалогы не жөнінде болмақ?» - Сонымен, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің (ҰҚСК) құрамы бекітілді – оған еліміздің барлық негізгі қоғамдық-саяси топтарының өкілдері кірді. Бір айдан кейін олар Нұр-Сұлтанда өтетін бірінші отырысына жиналады. Сенім кеңесінің жұмыс форматы мен күн тәртібі әлі анықталмаған болса да, ҰҚСК мүшелерінің осы мәселе жөнінде өз пайымдаулары бар. Біздің бүгінгі блиц-сауалдамамыз олардың ең алдымен қандай сұрақтар мен мәселелерді көтергісі келетіні жөнінде.

ҚАЗТАГ. «Ермұрат Бапи: Жастар бұлай өмір сүруге болмайтынын сезеді және қарсылық танытуға болатынын көрсетеміз деп шешті» - Қазақстанда ескі және жаңа оппозицияны, жастардың наразылық қозғалыстарын бөлу жобасы дайындалуда. Оның артында кім тұрғаны туралы «Ақиқат» партиясының төрағасы және «ДАТ» жобасының жетекшісі Ермұрат Бапи айтып берді.


22 шілде 2019, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.