Атырау, 29 наурыз 16:35
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Резерваттағы өлім

Толықтырылды
2 758 просмотра


13 шілдеде Еркінқала ауылы шетіндегі «Ақжайық» табиғат қорғау резерватының аумағында 36 жастағы ер адам Жайыққа суға кетті.

- Атыраудың тұрғыны Жайық өзенінің арнайы жабдықталмаған жағалауында суға түсіп, батып кетті. Жергілікті адамдар байқап қалып, оның денесін судан шығарып алған, - деп хабарлады «Батыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы» ММ баспасөз қызметі. 

Материал шыққаннан кейін маған "Ақжайық" МТР басшысының орынбасары Асхат ҚАРАБАЛИЕВ хабарласты:

- Адамдарда бұл ер адам қорық аумағында не істеп жүр деген сұрақ туындап жатқан шығар. Жауап берейін. Биылдан бастап резерватта ақылы түрде балық аулауға рұқсат. Сол күні үш ер адам талон алып, әуесқой балық аулады. Талон берерде барлығына суға түсуге болмайтыны мұқият ескертілді. Міне, тыңдамағанның кесірі... Құтқарушылар келгенше мүрдені біздің қызметкерлеріміз шығарып алған.

Фархат ӘБІЛОВ

15 шілде 2019, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.