Атырау, 28 наурыз 23:21
 бұлттыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Путин мен Зеленский алғаш рет телефон арқылы сөйлесті

2 195 просмотра


Ресей президенті Владимир Путин алғаш рет Украинаның жаңа президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшылары Украинанның шығысындағы жағдай және тұтқындар алмасу жайын талқылады.

Президенттер келіссөзді «норман төрттігі форматында» жалғастыру мүмкіндігін де сөз еткен. Бұған дейін Путин Зеленскиймен келіссөз өткізу үшін шарт қойған. Ресей президенті «норман төрттігі» елдері басшыларының жаңа кездесуін Украинадағы Жоғарғы раданың сайлауы өткеннен кейін ұйымдастыруға болатынын айтқан.

Бұған дейін Донбасс мәселесі «норман төрттігі» форматында Франция, Германия, Украина мен Ресей жетекшілері арасында талқылаған. Бірақ 8 шілдеде Зеленский араларына АҚШ-ты қосып Минискіде жаңа келіссөз өткізуді ұсынған.

Ертесі бұған қатысты Ресей сыртқы істер министрлі Сергей Лавров жауап берді. Ол Украина президентінің ұсынысы қарастырылатынын, дегенмен Зеленский бұл ұсынысын «Фейсбук емес, алдымен дипломатиялық каналдар арқылы Мәскеудің өзімен» ақылдасқаны жөн еді деген.

Дереккөз: Азаттық радиосы



12 шілде 2019, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.