Атырау, 29 наурыз 19:05
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Иран бас қолбасшысы: Бізге жасалған кез-келген шабуыл жауапсыз қалмайды

2 901 просмотра


Иран Қарулы күштері Бас штаб қолбасшысы Мұхаммад Бакери біратар аймақтағы әскери қосындарды әуе, теңіз күштерін аралап көрді және сапарынан кейін Иран әскери күштері қатерге төтеп беруге дайын деген мәлімдеме жасады. 

Дезфулдегі әскери-әуе күштері мен сауытты танктер қосынын аралаған Бакери Иран қарулы күштері өздеріне қарсы қандай да бір шабуылды жауапсыз қалдырмайтынын айтты. Гибралтар жағалауындағы Иран танкерін ұстаған Британия теңіз күштерінің әрекетін «қарақшылық» деп бағалаған ол: «Иран қашанда теңіз қарақшыларымен қатаң күрес жүргізіп келеді. Сондықтан, британиялық теңіз күштерінің әрекеті жауапсыз қалмайды», – деген. Иран әскери қуаты туралы мәліметтерді жинақтап көрсек, соңғы жылдары ИИР қорғаныс қуатына баса назар аударғаны байқалады. ИИР қарулы күштері сол аймақтағы алдынғы қатардағы қуатты күштердің бірі болып саналады. Салыстырмалы түрде молынан қаржыландырылған Сауд Арабиясының әскери қуатынан да басымырақ. Соңғы жылдардағы Орта Шығыс жағдайы Иран қорғаныс қуатын стратегиялық деңгейге көтеріп, қорғанудан шабуыл жасауға қарай дамытқан. Brookings көрсеткен мәліметтерге қарағанда, Иранда орта қашықтыққа атылатын зымырандардан 15 түрі бар. Бұлар 200 шақырымнан 6 мың шақырымға дейін ұшып бара алады. Иранның қорғаны қуаты Парсы шығанағында басымдық таныта алады. Себебі, теңіз жағалауларында шығанақты бақылауға арналған зымыран қондырғылары бар. Алайда, Құрама Штаттың өңірдегі әскери базалары Иранға жақын аумақтарда орналасқан. Оның үстіне Үнді-Тынық мұхит аймағындағы әскери күштерін Иранға қарсы шоғырландыра алады. АҚШ әскери теңіз және әуе күштеріне қарсы тұру Иран үшін оңай болмайды.

Дереккөз: qazaqtimes.com

11 шілде 2019, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.