Атырау, 20 сәуір 08:15
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Трамп: Жоғары тарифтерден біз пайда тауып отырмыз, Қытай қиын жағдайда

2 241 просмотра


АҚШ президенті Дональд Трамп жексенбі күні жасаған мәлімдемесінде Қытай тауарларына салған жоғары тарифтерден Құрама Штаттардың пайда тауып отырғанын айтты. Сондай-ақ, осы аптада АҚШ сауда өкілі мен қаржы министрі Қытай келіссөз делегациясымен кездесетінін жеткізді. 

«Жоғары тарифтерден кейінгі біздің жағдаймыз өте жақсы. Қытайға салынған жоғары тарифтерден біз миллиардтаған доллар жинай алдық», – деген президент Трамп. Ол және Обама тұсында Қытай үкіметі көп басымдықпен пайда түсіргенін, бұндай жағдай Буш үкіметі мен өзге АҚШ үкіметтері кезінде де жалғасқанын айтқан. 

Трамп сөзінде: «Қытай қазірдің өзінде қиын күйде,  мыңдаған компаниялар Қытайды тастап Құрама Штаттарды қамтыған басқа елдерге кетіп жатыр. Себебі, олар ауыр кеден бажысын төлегісі келмейді. Тағы бір жағынан, Қытай көп мөлшердегі кеден салығын төлеуге мәжбүр болып отыр. Олар өздерінің валюта құнын арзандатады және компаниялары үшін кеден салығын төлеуге мүдделі. Ал, біздің азаматтарымыз кеден салығын  төлеп отырған жоқ», – деген. 

АҚШ президентінің мәлімдемесінен белгілі болғандай, Осакадағы саммиттен кейін АҚШ пен Қытай арасында келіссөздер қайта жалғасады. Осы аптада АҚШ сауда өкілі мен қаржы министрі қытайлық лауазымдылармен кездеседі. Екі ел арасында сауда келісіміне байланысты келіссөздер әлі де көп уақытқа жалғасуы мүмкін.

Дереккөз: qazaqtimes.com 

10 шілде 2019, 14:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.