Атырау, 19 сәуір 13:08
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Қазақстан билігі халыққа пікірін ашық айтуға кепілдік беруі тиіс», «Жаңаөзен, Теңіз: мемлекет кәсіподақтарға мән бермеген кезде…»,«"Қураған режимнен шаршау" һәм Шыңжаңдағы "мәдени геноцид"», «Қазақстан туристері Грузияда ресейліктердің орнын баса ма?».

2 963 просмотра

AZATTYQ.ORG «Қазақстан туристері Грузияда ресейліктердің орнын баса ма?» -Шілденің 8-інде Ресей президентінің Грузиямен әуе қатынасын тоқтату жарлығы күшіне енді. Азаттық бұл шектеудің Қазақстандағы туристік компаниялар үшін нендей мүмкіндік туғызатынын анықтап көрді.

«Қазақстан билігі халыққа пікірін ашық айтуға кепілдік беруі тиіс» - Еуропа одағының сыртқы істер және қауіпсіздік саясат бойынша жоғарғы өкілі Федерика Могерини Бішкектегі "Еуропа одағы – Орталық Азия" форумынан кейін Азаттыққа сұхбат беріп, 6 шілде күнгі Қазақстандағы адамдарды жаппай ұстау оқиғасы жайлы пікір білдірді.

«Түркімен шенеуніктері қымбат курортқа баруға мәжбүр» - Түркіменстанның солтүстігіндегі Дашогуз аймағының көптеген шенеунігі биыл жазда қайда барып демалатындарын өздері шешпейтін болды.

«"Қураған режимнен шаршау" һәм Шыңжаңдағы "мәдени геноцид"» - Батыс басылымдарының бірі осы аптада әлеуметтік желідегі Қазақстандағы билік транзитін келемеждеген әзіл пікірлерге шолу жасады. Ал ВВС Шыңжаңдағы діни азшылықтардың балаларын күштеп тәрбиелейтін мектептер мен балабақшалар жайлы зерттеуін жариялады.

CAMONITOR.KZ. «Жаңаөзен, Теңіз: мемлекет кәсіподақтарға мән бермеген кезде…» - Жақында Теңіз вахталық қалашығында қазақстандық жұмысшылар мен араб елдерінен келген экспаттар арасындағы жанжал біздің азаматтарымыздың әлеуметтік қорғалу деңгейі қаншалықты нашар екендігін көрсетті. Мұндай қорғау жұмысымен ең бірінші кезекте кім айналысуы тиіс және сол қорғау нелктен іске асырылмайтыны туралы біз «Қазақстан Еңбек конфедерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігінің бас хатшысы Мұрат Машкеновпен әңгімелесеміз.

«Алтын Орданың тарихы: неғұрлым азырақ саясиландыру және неғұрлым көбірек ғылымдандыру…» - Маусым айының соңында Қазан қаласында екі жылда бір рет өткізілетін VI Халықаралық Алтынордалық форум өтті. Оның ұйымдастырушысы – Шигабутдин Марджани атындағы тарих институтының Алтын Орда мен татар хандықтарын зерттеу орталығы. Форум жұмысына қатысқан белгілі қазақстандық тарихшы Қанат Өскенбай біздің өтінішіміз бойынша өз пікірімен бөліседі.

ABAI.KZ. «Зейнеткерлер емес, жастар депутат болсын...» - Өткен аптаның соңында Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтіп, алтыншы сайланған ҚР Парламентінің төртінші сессиясы аяқталды. Депутаттар демалысқа кетті. Шынын айту керек, бұл жолы да біздің депутаттар тың тіршілік тындырған жоқ. Бұрынғыдай қалғып-мүлгіп отырып, тағы бір жылды өткеріп тастады.


9 шілде 2019, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.