Атырау, 23 сәуір 22:27
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Еуроодақ Иранға ескерту жасады

2 487 просмотра


Еуроодақ дипломатиясы, Германия, Ұлыбритания және Франция тарабы Теһранға ядролық келісімдегі ережелерді сақтау туралы ескертті. 

ВВС мәліметінше, Еуроодақ елдері Иранның аз байытылған уран қорларының 300 килограмдық шегінен асып кетпеуін қадағаламақ. Себебі, аталған меже БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бес тұрақты мүше елдері, Германия және Иран арасындағы келісімде қарастырылған. Еуропалық дипломаттар осы мәселеге қатысты: «Иран келісімді сақтаған жағдайда біз де келісімге сай әрекет ететін боламыз. Біздің тарап шарт талаптарын бұзған емес, болашақта да солай болмақ. Бірақ, Иран да келісімді қатаң сақтауға міндетті», – деді. Осы апта басында атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) сарапшылары Иранның 2015 жылдан бері алғаш рет белгіленген межеден артық уран қорын байыта бастағанын мәлімдеген. Дегенмен, Иран президенті Хасан Роухани халықаралық шектеуге қарамастан өзіне қажет мөлшердегі уран қорын байыта беретінін мәлімдеді. Иран жетекшісі бұған қоса ядролық жобаларының бір бөлігін тоқтату жайлы АҚШ-пен жасаған келісімді Уашингтон мойындауы тиіс деді. Егер бұл жөнінде Теһран Уашингтонмен келісімге келе алса, «қалаған мөлшерде уран байыту» ойынан қайтатынын, сондықтан халықаралық қауымдастық бұған алаңдамауы қажет деп хабарлады. 

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

4 шілде 2019, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.