Атырау, 19 сәуір 23:42
 ашықВ Атырау +27
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Алматы мен Нұр-Сұлтанда рұқсат етілген митингілер қалай өтті?», «Арыс оқиғасы билікке сабақ бола ма?», «Журналистер арасында ынтымақ бар ма?», «Bellingcat: Скрипальге шабуыл операциясын ГРУ офицері қадағалаған».

2 124 просмотра

AZATTYQ.ORG «"Малша сүйреді". Финляндия қазағы маусымдағы шеру жайлы» - 25 жыл бойы Финляндияда тұрып жатқан этникалық қазақ Әйкен Салонен биылғы мамыр айында қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін Алматыға арнайы келіп, наразылық жиынының ортасына бір-ақ түскен. Ол Азаттыққа көзіне оғаш көрінген жайттар туралы әңгімелеп берді.

«Бұрынғы әскери "терроризмді насихаттау" айыбымен келіспейді» - Алматы әскери соты бұрын келісімшарт бойынша қызмет атқарған әскеридің үстінен "Терроризмді насихаттау" бабы бойынша қозғалған қылмыстық істі қарап жатыр. Сараптамада 45 жастағы Бақтығали Қалдыбековтың 2015 жылы әлеуметтік желіге жариялаған жазбасынан радикалды идеялар табылғаны айтылған. Айыпталушы арнаулы қызмет өкілдері оған қарсы арандату ұйымдастырмақ болғаны, бірақ ол жүзеге аспаған соң, қылмыстық істі қолдан құрастырғаны туралы мәлімдеді.

«Bellingcat: Скрипальге шабуыл операциясын ГРУ офицері қадағалаған» - Bellingcat зерттеу ұйымының пайымдауынша, Ресейдің бұрынғы әскери агенті Сергей Скрипальге шабуылды Лондон орталығындағы қонақүйден ресейлік ГРУ офицері Денис Сергеев бақылап отырған. Бұған дейін ақпарат құралдары «ГРУ-да жұмыс істейтін Сергеевті Қазақстанда туған Ресей азаматы» деп жазған.

«Арыс оқиғасы билікке сабақ бола ма?» - Түркістан облысындағы әскери қоймада болған жарылыстан үш адам қаза тапқан соң, Қазақстан билігі нысанды қаладан көшіруге уәде берді. Қайғылы оқиғаға дейін артиллериялық қару-жарақ қаладан небары 200 метр жердегі қоймада сақталып келген. Болашақта мұндай төтенше жағдай қайталанбас үшін не істеу керек? Азаттық сарапшылар пікірін білді.

«Алматы мен Нұр-Сұлтанда рұқсат етілген митингілер қалай өтті?» - Маусымның 30-ы күні таңертең Алматыдағы "Сарыарқа" кинотеатрының артында бірнеше жүз адам қатысқан митинг өтті. Онда елдегі саяси жүйені өзгерту, жаңа Конституция қабылдау, саяси тұтқындарды босату, Арыс оқиғасы және тағы басқа мәселелер айтылды. Жексенбі күні Нұр-Сұлтанда да билікшіл белсенділер митинг өткізді.

«Журналистер арасында ынтымақ бар ма?» - 28 маусым – қазақстандық журналистердің кәсіби мерекесі күні. Азаттық бірқатар БАҚ өкілдерінің журналистік ынтымақтастық жайлы пікірін білді.

«Митинг кезіндегі «медиатор» молдалар» - Арыстағы әскери қойма жарылған соң Шымкентке босып, үш күн бойы «Ақмешіт» мешітін паналаған жүздеген арыстық маусымның 27-і күні жолды жауып, шеруге шықты. Облыс пен қала әкіміне талаптарын айтып шулаған наразы жұртты мешіт ішінде молдалар құран оқып тыныштандыруға тырысса, орталық алаңға шеруге шыққандарды он шақты имам сабырға шақырды.


2 шілде 2019, 12:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.