Атырау, 29 наурыз 06:48
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Арыста адам қалмады: мародерлер ұсталды

2 918 просмотра


ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Арыс қаласынан шығатын жерлерде полиция бекеттері қойылғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Қазір Арыс қаласының периметрі бойынша бекеттер қойылды. Қалада ешкім дерлік қалмады. Зақымданған үйлер бар, жарылмай қалған снарядтар да бар. Азаматтардың қалаға кіруіне тыйым салынған, - деді ол үкімет отырысында.

Оның дерегінше, қалада ұрлық болмауы үшін полицияның 75 наряды жұмыс істеуде.

- Ұрлық жасаған үш адам ұсталып үлгерді. Олар екі қылмыс жасады – бір дүкен тоналып, бір үйден ұрлық жасалды, - деп нақтылады Тұрғымбаев.

Арыста 24 маусымда әскери қойма жарылып, қазірге дейін 2 адамның қаза тапқаны белгілі болып отыр: бір тұрғын мен бір әскери қызметкер.

Дереккөз: zakon.kz

 

25 маусым 2019, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.