Атырау, 20 сәуір 18:55
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Ұлыбританияның келесі премьер-министрі кім болады?

2 100 просмотра


Ұлыбританияда премьер-министрлікке сайлауалды науқан басталды. Британияның бұрынғы сыртқы істер министрі Борис Джонсон – бұл лауазымға басты үміткерлердің бірі. 

Тағы 11 адам сайлауға түсуге ниет білдірген. Джонсонның негізгі қарсыластары қатарында қазіргі сыртқы істер министрі Джереми Хант пен қоршаған орта, азық-түлік және ауылшаруашылық министрі Майкл Гоув бар.

Алайда парламенттік қызметке келмес бұрын ресми шараларда кокаин тұтынғаны жайлы Гоувтың мәлімдемесі сайлау науқанында кесірін тигізуі хақ. 

Айта кетерлігі, Майк Гоув ағынан жарылып, шындықтың бетін ашқаннан кейін өзге де үміткерлер құпияларымен бөлісе бастады. Бірінен соң бірі жарыса айтқан мұндай мәлімдемелер премьер-министрлікке үміткерлердің беделіне қаншалықты әсер ететіні әзірге белгісіз.

Дереккөз: 24.kz

12 маусым 2019, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.