Атырау, 28 наурыз 16:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Атырауда 10 миллиард теңгеге «ақылды» камераларды орнату басталды

Сурет
3 662 просмотра


Сәуірдің аяғында Атырау облыстық мәслихатының депутаттары мұнайлы астанада құны 10 млрд теңге болатын «Сергек» «ақылды» бейнебақылау жүйесін орнатуды мақұлдап дауыс берген еді. Бұл - жергілікті деңгейдегі мемлекеттік-жеке әріптестік аясында жүргізілетін ең қымбат жобалардың бірі. Жаңа жүйе жол қозғалысы ережелерін бұзудың жылдамдық режимін асыру және тоқтау сызығын кесіп өту сияқты түрлерін тіркеп алады. Ол Астана мен Алматыда пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр. «Сергек» камераларын Атырауда да орнату жұмыстары басталды.

Ресми түрде бұл жоба «Атырау қаласы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнетіркеу және бейнеталдау жүйесін құру және пайдалану» деп аталады. Ол толық іске қосылғаннан кейін бюджет жыл сайын кәсіпкерлерге инвестициялық шығындарды біртіндеп өтейді және тіпті қазынаға үлес тиіп қалуы мүмкін. Қалай болғанда да, облыстық әкімдік 5 жарым жылдан астам уақыт ішіндегі ереже бұзушылықтардан түсетін айыппұлдардың болжамды мөлшері 32 млрд теңге болады деп есептеді. Атырау облысында айыппұлдарды өндіру  - 50%, бұл 16 млрд теңге деген сөз.

Әнуар САҒАТОВ, "Атырау Innovations" ЖШС директорының орынбасары:

- Жобаның мақсаты - жол қозғалысы ережелерін бұзу санын азайту, қозғалыс мәдениетін арттыру және жолдардағы қауіпсіздікті арттыру. Ол қалада жұмыс істеп тұрған 759 бақылау камерасын қоғамдық орындарда қосымша орнатылатын «Сергек» жүйесінің 774 камерасымен біріктіруді көздейді.

- Бюджетке түсетін айыппұлдардың есебінен жаңа бақылау жүйесін орнату жоспарланып отыр. 32 млрд деген цифр қайдан алынды?

- Ағымдағы айыппұлдар саны талданғанда осындай сома шықты. Бұл болжамды цифр ғана, бірақ ол ойдан алынған жоқ.

- Жаңа жүйе толығымен қашан қосылады?

- Әзірге 5 камера пилоттық режимде жұмыс істейді, ал келесі жылдың басында бүкіл жүйе жұмыс істей бастайды.

Жоба мердігері – «Көркем Телеком» ЖШС Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. Интернеттегі деректерге сүйенсек, бұл компания астанадағы «Сергек» бейнекамераларын орнатумен де айналысқан екен. Өкінішке орай, «АЖ» оның өкілімен хабарласа алмады.

Жоба іске қосылғаннан кейін «Сергек» ахуал орталығында 111 адам жұмыс істейді. 


Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген автор

11 маусым 2019, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.