Атырау, 26 сәуір 02:12
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«Жүздеген адам ұсталып, интернет жұмысы баяулаған күн», «Тоқаевтың жеңісімен Қосанов келіседі», «Назарбаевтың "гибридтік" моделі және "жылтыр ғимараттармен өлшенетін мұра"», «Балықтардың қырылу себебі және Омбыдағы жаңа қазақ радиосы».

2 470 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Назарбаевтың "гибридтік" моделі және "жылтыр ғимараттармен өлшенетін мұра"» - Осы аптада батыс баспасөзінде жарық көрген мақалалардың көбі Қазақстандағы сайлау және сайлауалды науқан тақырыптарын талдаған. Шетел басылымдарының пікірінше, Қазақстандағы биліктің ауысу процесіне көрші режимдер көз салып отыр.

«Жүздеген адам ұсталып, интернет жұмысы баяулаған күн» - Қазақстан президентін сайлауы күні полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте жүзден астам адамды ұстады. Осы күні бірнеше сағат интернет жұмысы баяулады.

«Балықтардың қырылу себебі және Омбыдағы жаңа қазақ радиосы» - Осы аптада аймақ баспасөзі Жайық өзеніндегі балықтардың қырылуына байланысты күдікке ілінген компаниялар мен азаматтар туралы жазды. Бұған қоса, аймақтық БАҚ Батыс Қазақстан облысында қытайлық компанияның облыстағы ірі су қоймасына "қызығып отырғанын", қазақтар көп шоғырланған Омбыда мектеп оқушысының қазақ тілінде онлайн радио ашқанын жазды.

«Тоқаевтың жеңісімен Қосанов келіседі» - ОСК президент сайлауында "Нұр Отан" партиясы кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаевтың 70 пайыздан артық дауыс жиғанын жариялады. Тоқаевты ресми ақпарат шықпай тұрып құттықтап үлгерген кандидат Әміржан Қосановтың қылығы жақтаушыларына жақпай қалды. Бақылаушылар сайлауда бұрмалаушылық көп тіркелгенін айтады.

CAMONITOR.KZ. «Қазақ хандары қандай билікке ие болған?» - Біз бір апта бұрын отандық жоғары оқу орындарының бірінің тарихшы-профессорымен болған сұхбатымызда қазақ даласында хандарды үміткерлердің қандай шеңберінен таңдаған деген тақырып бойынша әңгімелескен болатынбыз. Енді біз басқа сұрақтарға жауап табуға тырысамыз: хандар қандай билікке ие болған, олардың қандай өкілеттіктері мен міндеттері болатын, маңызды шешімдер қабылдаған кезде олар кімнің пікіріне жүгінетін және «далалық демократия» деген ұғым нені білдіреді?  

«Қазақ үшін не маңызды болып табылады – ұлттық тиесілігі ме әлде діни қатыстылығы ма?» - Отандық ақпараттық кеңістікте кей кездері қазақтарға өзін-өзі сәйкестендіру үшін не маңызды – ұлттық тиесілігі ме әлде діни қатыстылығы ма деген тақырыптағы пікірталас орын алып тұрады. Бұл сұрақ айтарлықтай оңай емес, бірақ қазақ социумының тағдыры үшін де, біздің жас мемлекеттігіміздің болашағы үшін де өте маңызды және принципті мәселе болып табылады.

«Ауған мәселесі: барлығы бейбітшілік қалағанмен, соғысқа дайындалуда» - Ауғанстандағы әлемнің жетекші державаларының, өңірлік және ішкі күштердің мүдделері барыншатығыз байланысып қалғандықтан, таяу онжылдықта осы геосаяси тұрғыда шатасқан мәселені тарқату екіталай. Әсіресе, әрбір ойыншы өз мүддесі үшін іс-әрекеттерді істеуді жалғастырған жағдайда мұны жасау өте қиын. Алайда, кез келген шиеленістен, тіпті ауған сияқты күрделі және ұзаққа созылған дағдарыстан да шығу жолдары бар. Жақында ғана осы елдегі кезекті сапарынан оралған Орталық Азия және Орта Шығыс елдері бойынша сарапшы Александр Князевпен бірге дәл осы тәсілдерді іздестіруге тырысамыз.

QAMSHY.KZ. «"Иә, мен Тоқаевтың жеңісін мойындадым": Қосанов өзін қолдаған азаматтардан кешірім сұрады» - Кездесуге Президент сайлауында Қосановқа дауыс берген азаматтар жиналды.

365INFO.KZ «Көп балалы аналарға нені білу керек: жәрдемақылар мен оларды алу ережелері. 1-бөлім» - 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда көп балалы отбасылар еселенген жәрдемақы алады және бірінші кезекте тұрғын үй алуға құқылы. Бұдан өзге, оларға салық жеңілдіктері беріледі, ал әйелдер зейнетке 53 жасында шыға алады.

«Көп балалы аналарға не білу керек: пәтер алу, талаптар, құжаттар. 2 бөлім» - 2019 жылы көп балалы отбасылар мемлекеттен жалға берілетін тұрғын үйге үміткер бола алады. Сонымен қатар, мұқтаж қазақстандықтарға пәтер сатып алуға жеңілдетілген несие беріледі.


10 маусым 2019, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.