Атырау, 19 сәуір 16:38
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Сирек кездесетін химиялық элементтер Қытайдың АҚШ-қа қарсы жаңа қаруы бола ала ма?

2 568 просмотра


Қытай сирек элементтердің экспортын бақылауды күшейтіп, сауда соғысында АҚШ-қа қысым түсіруді жоспарлауда. Пентагон осыған байланысты Ақ үй мен Конгреске мәлімдеме жасап, Қытайға тәуелділіктің алдын алу туралы ескертті. 

Сирек кездесетін химиялық элементтердің 17 түрі бар. Ол ұялы телефон, мотор секілді тұтыну бұйымдарынан тыс, әскери-қорғаныс техникалары айталық, радар, ұшақ және зымыран өндіруге пайдаланылады. Пентагон федералдық қаржыландыруды арттырып, сирек элементтердің өндірісін көбейту арқылы Қытайға тәуелділіктің алдын алу ұсынысын қойған. АҚШ аталған сирек элементтерді Қытайдан көбірек импорт етеді. Айталық, 2004 жылдан 2017 жылға дейін АҚШ импорт еткен сирек кездесетін элементтердің 80 пайызы Қытайдан кірген. Себебі, Қытай жеріндегі сирек элементтер қоры әлемнің 37 пайызын иелейді. Оның үстіне сирек элементтерді өндіруші елдер арасында Қытаймен бәсекелесе алатын елдер кемде-кем. Қазіргі екі ел арасындағы сауда саттық соғысында Қытай осы артықшылығын пайдаланып АҚШ-қа қысым түсіруі мүмкін. Бұл америкалық лауазымдыларды, әсіресе Пентагон шенділерін алаңдатып отырған мәселенің бірі. Сирек элементтердің экспортын АҚШ-қа қарсы пайдалану туралы мәселе Қытай Коммунистік партиясының «Халық газеті» басылымы сәрсенбі күнгі санында белгілі болған. Онда АҚШ-тың Қытайдағы сирек элементтер қорын пайдаланғысы келетінін, сүйте тұра Қытайдың дамуына кедергі келтіргісі келетінін, қытайлықтар бұл «теңсіздікке» келіспейтінін жазған. Ал, кейбір сарапшылар Қытайдың бұл әрекеті АҚШ-қа үлкен кесірін тигізбеуі де мүмкін деп қарайды. Себебі, АҚШ-тың сирек элементтерді Қытайдан импорт етуі АҚШ-та сирек элементтер қоры жоқ дегенді білдірмейді. Олар тек өз жеріндегі сирек элементтер резервін сақтап отыр. Қажет жағдайда сирек элементтерді өндіруді тездетіп, Қытайға болған тәуелділіктен құтыла алады деп санайды.

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

 

31 мамыр 2019, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.