Атырау, 29 наурыз 16:56
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Досаев Ұлттық банкті қайта құру жайлы айтты

2 715 просмотра


Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев қаржы реттеуші ұйымды қайта құру және оны Алматыдан Нұр-сұлтанға көшіру жоспары туралы айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстанда Ұлттық банк қайта құрылып, қаржы нарықтарын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік құрылады. 

"Жаңа агенттікті құру Ұлттық банктің қайта құрылуы арқылы жүзеге асырылады. Өкілеттіктер Ұлттық Банк тарапынан жаңа органға берілетін болады. Біз заң жобасында функцияларды, өкілеттіктерді және штатты қарастырдық. Қазіргі штаттан 500 адам агенттікке берілетін болады. Мамыр-маусым айының ортасында Қаржы министрлігімен жұмысты аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді Досаев. 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту мәселелері жөніндегі заң жобасына сәйкес жаңа орган өз қызметін 2020 жылдың басынан бастайды. Досаевтың айтуынша, жаңа агенттік Алматыда орналасады. Ұлттық банк болашақта Нұр-сұлтанға көшуді жоспарлап отыр ма деген сұраққа Досаев "мұндай жоспарлар бар" деп мәлімдеді. 

Еске салайық, Ұлттық банк екі бағытты қарастыратын заң жобасын әзірледі. Бірінші бағыт - бұл қаржы секторын реттеудің тәуелсіз органын құру. 

Елдің экономикалық өсуіне жәрдемдесу үшін Ұлттық банк ақша-несие саясатының тиімділігіне және инфляцияны бақылау жөніндегі шараларды іске асыруға шоғырлануға ниетті. Ал қаржы нарығын реттеу мен дамыту, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау функцияларын Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей есеп беретін жаңа мемлекеттік органға-қаржы нарықтарын реттеу мен дамыту жөніндегі Агенттікке беру ұсынылады.

Дереккөз: tengrinews.kz

22 мамыр 2019, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.