Атырау, 19 шілде 15:18
Кешке ашық+29, түнде +25
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 384.39  € 431.71  P 6.11

Түркия билігі СІМ-нің 249 қызметкерін тұтқындамақ

22 мамыр 08:48


Анкара республикалық прокуратурасы ФЕТО лаңкестік ұйымына қатысы бар деген күдікпен сыртқы істер министрлігінің 249 қызметкерін тұтқындау туралы шешім қабылдады. 

Анкара Бас прокуратурасының ресми парақшасында жарияланған мәліметтер бойынша, күдіктілер 2010, 2011, 2012 және 2013 жылдары министрлік сынақтарын ФЕТО-мен ынтымақтастық арқасында сәтті тапсырған. Қазірдің өзінде елдің 42 провинциясында рейд жүргізіліп, нәтижесінде 78 кісі ұсталды. Қазіргі уақытта 171 күдіктіні іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Айта кетер болсақ, Түркия билігі 2016 жылдың 15 шілдесінде төңкеріс әрекетін дін уағызшысы Фетхуллах Гүлен мен жақтастары ұйымдастырғанын айтады. Бүгінгі уақытқа дейін 125 мыңнан астам адам ФЕТО лаңкестік ұйымына қатысы бар деп айыпталып, мемлекеттік қызметтен шығарылды. 2 мың 700-ден астам мекеме мен ұйымдар жұмысын тоқтатса, 30 мыңнан астамы бас бостандығынан айырылды. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мемлекеттік төңкеріс әрекетіне Ислам насихатшысы Фетуллаһ Гүленді айыптады. Ал, көптеген жылдан бері АҚШ-та тұратын Гүлен өзіне тағылған бұл айыптаулармен келіспейтінін мәлімдеген болатын.   

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

423 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4