Атырау, 28 наурыз 21:15
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

«Халық билікке талабын орындатқыза алатынын көрсетті», «Батырхан Дәрімбет: “Оппозицияның болуы – демократияның басты кепілі”», «Ермак неге батыр, Кенесары неге “қарақшы”?», «Сочидегі сөйлесу немесе Иран тағдыры қалай шешілмек?».

2 349 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Халық билікке талабын орындатқыза алатынын көрсетті» - Осыдан үш жыл бұрын, 2016 жылы мамырдың 17-сі күні атыраулық белсенді Макс Боқаев қамауға алынған. Жер митингісі кезінде көзге түскен Боқаев 2016 жылы қарашада "әлеуметтік араздық тудырды", "жалған ақпарат таратты" және "митинг өткізу заңын бұзды" деген айыппен бес жылға сотталды. Ақтөбеде түрмеде отырған белсенді Азаттыққа сұхбат беріп, қазіргі жағдайы, елдегі саяси өзгерістер туралы айтты.

«Ресейлік телеарна "Голос Дети" шоуының нәтижесін жарамсыз деп жариялады» -Ресейдің "Первый канал" арнасы "Голос Дети" шоуының нәтижесін жарамсыз деп жариялады. Кибершабуылдарды анықтаумен айналысатын Group-BI халықаралық компаниясы дауыс беру кезінде "ереже бұзылғанын анықтаған".

QAMSHY.KZ. «Әр мұсылман баруға тиіс Қазақстандағы қасиетті 10 орын» - Әрбір адам үшін оның жаны тынышталып, өзімен және Жаратушымен үйлесімділік табатын ерекше қасиетті жерлер бар. Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Қазақстандағы қасиетті 10 жерді оқырман назарына ұсынады.

DALANEWS.KZ.  «Батырхан Дәрімбет: “Оппозицияның болуы – демократияның басты кепілі”» - 1990 жылдың 30 маусым мен 1 шілде аралығында Жазушылар Одағыныц ғимаратында өткен Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысыныц алғашқы құрылтайы Қазақстанда 20 ғасыр басында құрылған «Алаш» партиясынан кейін тағы да, бір ұлттық бағыттағы саяси күштің өмірге келгенін баршаға паш еткен еді.

QAZAQTIMES.COM. «Сочидегі сөйлесу немесе Иран тағдыры қалай шешілмек?»  - 14 мамыр күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Сочиде Қара теңіз жағасындағы курортта кездесу өткізді. Келіссөзде екі тарап АҚШ пен Ресей қарым-қатынасын, екі елдің байланыс арналарын қалпына келтіруге уағдаласты. 

«Ермак неге батыр, Кенесары неге “қарақшы”?» - Ол 1979 жылы бостандыққа шыққасын өзінің және туыстарының балаларын аттарын сол жылдары-ақ Абылайхан, Қасымхан, Кенесары, Наурызбай деп қоюдан қорықпайды.

TURKYSTAN.KZ. «Болмысы бөлек балалар, топ ішінде дара олар» - Қай халық, қай ұлт болса да ұрпақ тағдырына бей-жай қарамаған. Еңбектеген баланы «елдің ертеңі болады» деп ханындай сыйлайтын қазақтан сөз артылса-шы. «Қой асығы демеңіз, қолайыңа жақса сақа ғой, жасы кіші демеңіз, ақылы асса аға ғой» деген тәмсіл бүгінгі мақаламызға тұздық болмақ. Әлем тарихында 8 жасар жоғары оқу орнының оқытушысы, 8 жастағы кәсіпкер сынды түрлі дарындылар болды. Оларды ешкім де бала демеді, керісінше дара деп абыройын асқақтатты. Біздің елде де осындай дарынды, талантты балалардың болмысы бөлек, еңбегі ерек буыны қалыптасып келеді.

«”Жиһад” деп кеткендер “Жусанмен” елге қайтты» - «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң». Иә, олар әу баста тура жолдамыз деп ойлаған-ды. Бірақ олар өздерінің ағат қадам жасағандарын сырт елдегі ахуалды көзбен көргеннен кейін ғана түсінді. Түсінді де, бармақтарын тістеді. «Қателік жасамайтын адам жоқ» деген тәмсілге сүйенетін қазақ бұл жолы да Сириядағы сенделген отандастарымызды соғыс ортасында тастап кеткен жоқ. Қолдан келгенше әрекет етіп, кезінде өз еркімен Сирияға аттанғандарды елге қайтарды.


17 мамыр 2019, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.