Атырау, 19 сәуір 10:21
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Иран ядролық келісімді орындауды тоқтатты

2 323 просмотра


Иран тарапы ядролық келісімнің шарттарын орындауды тоқтатты. Енді мемлекет уранды байыту жұмыстарын қайта бастап, шикізатты шетелге сатуы мүмкін.

Вашингтонның ортақ келісімнен шығып, Иранға қарсы біржақты санкция салуының салдары осыған әкелді. Бұған дейін Тегеранмен келісімде қалған өзге мемлекеттер Америка санкциясына қарсы тұрып немесе санкцияны айналып өту механизмін ойластырмаса құжатта көрсетілген кейбір шарттарды орындамайтындығын айтқан еді.

Иран билігінің пікірінше,  Германия, Франция, Ұлыбритания, Қытай және Ресей елдері бұл мәселені көп созбай шешуі тиіс. Айта кетейік, құжатқа сай АҚШ санкция салуын тоқтатса Тегеран ядролық бағдарламасын күшейтпеуге келіскен еді.

Дереккөз: 24.kz

15 мамыр 2019, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.