Атырау, 18 маусым 07:47
Күндіз ашық+32, кешке +25
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 383.43  € 429.83  P 5.96

Қоржындары жүлдеге толды

16 мамыр 00:00


Ақтөбеде таэквондодан (GTF) жыл сайынғы халықаралық «Азия палуаны» турнирі өтіп, оған Ресейден, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан және Қазақстанның 13 облысынан спортшылар қатысты. Мұнда атыраулық спортшылар керемет жетістіктер көрсетті.

Аспанбек Бақтыбек пен Дана Ерланқызы «мацоги» (спарринг) және «хьёнги» бағдарламаларында алтын алқа иемденіп, абсолютті чемпион атанды.

Данияр Сүлейменов, Дәулетхан Ерланұлы, Елнұр Атабайұлы, Мансұр Жұмабай мен Полина Ляшенко «хьёнги» жеңімпаздары, Айбек Демегенов пен Алексей Паленов күміс алқа,  Алексей Хомяков, Мақсат Мұхамбетов, ағайынды Әлім мен Әмір Жадыра қола алқа иегерлері болды. «Мацоги»  бағдарламасында қола алқа Айбек Демегеновтің, Дмитрий Еременко, Мақсат Мұхамбетов, Тимур Тохтиев, Аманбек Нариман, Ерасыл Ерлан, Арлан Ерлан, Захар Пак, Даниял Қуаныш, Полина Ляшенко және Дильназ Дүйсенбаеваның еншісіне бұйырды.

Аспан Бақтыбек, Дана Ерланқызы, Айбек Демегенов және Аманбек Нариман «Үздік техникасы үшін» және «Үздік жекпе-жек үшін» арнайы жүлделерін алды. Ерлер арасында бапкер Берік Әлжанов та жекпе-жекке қатысып, 63 келіге дейінгі салмақта алтын алқа тақты. Жалпы командалық есепте атыраулық спортшылар турнир қожайындарынан кейін екінші орынға ие болды.

Қанат ХАСАНОВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

441 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4