Атырау, 20 сәуір 17:13
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Владимир Путин мен Майк Помпео Сочиде кездеспек

2 653 просмотра


АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео 14 мамырда Сочиде Ресей президенті Владимир Путин және сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездеседі деп жоспарланған. 

Помпео Мәскеуге 13 мамырда келуі тиіс еді, алайда ол Еуропа елдері жетекшілерімен Иран мәселесін талқылау үшін Брюссельде аялдағандықтан Ресейге сапарының уақыты өзгерген.

Помпео АҚШ мемлекеттік хатшысы ретінде Ресейге алғаш рет сапармен барады. Екі ел арасындағы қарым-қатынас шиеленісіп тұр. Бұл АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің қатысуымен былтыр шілде айында Хельсинкиде өткен келіссөздерден кейінгі жоғары деңгейдегі екінші кездесу.

АҚШ мемлекеттік департаментінің хабарлауынша, Сочидегі кездесуде әскери қару-жараққа бақылау, Венесуэладағы дағдарыс, Украина мен Сирияның шығысындағы қақтығыс және Иран мәселесі талқыланады.

Дереккөз: Азаттық радиосы

 

14 мамыр 2019, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.