Атырау, 18 маусым 23:36
Таңертең ашық+32, күндіз +31
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 383.43  € 429.83  P 5.96

«Қарсылықтар сипаты және билік транзитінен кейінгі "ықтимал" экономикалық дағдарыс», «"Биліктің қорқынышы" һәм "ұнамайтын сайттардың жолын жабу"», «Ортақ кандидат па, әлде бойкот па? Оппозицияның сайлау жайлы пікірі екіге жарылды».

13 мамыр 13:33

AZATTYQ.ORG. «Қазақстаннан заңсыз әкелінетін бензин және Ресей "мүддесі"» - Бұрын Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі бөлімін басқарған Максат Мамытканов Бішкектен Токмокқа дейінгі жол бойында Қазақстаннан контрабандалық жолмен жеткізілген жағар-жанармай сатылып жатыр деп хабарлады.

«Тәжікстанда блогерлердің Youtube-ке салған видеороликтерін бақыламақ» - Тәжікстанда аудио-видеоөнімдерді заңдық тұрғыда реттеумен айналысатын "Тәжікфильм" блогерлердің Youtube-ке салған видеороликтеріне бақылау орнатуды көздеп отыр. Салық орган өкілдері өзге азаматтар сияқты олар да салық төлеуі тиіс деп есептейді. Ал биліктің бұл әрекетіне наразы блогерлер мұны цензура деп бағалайды.

«Ортақ кандидат па, әлде бойкот па? Оппозицияның сайлау жайлы пікірі екіге жарылды» - Кезектен тыс президент сайлауына "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан қатысатын Әміржан Қосановты кейбір азаматтар билікке балама кандидат ретінде қарастырса, кейбірі оның “оппозицияның ортақ кандидаты еместігін” алға тартады. Елде сайлауалды үгіт-насихат кезеңі басталғанда бірқатар оппозиция өкілдерінің “Халық құрылтайын” жинайтыны хабарланды.

«Қарсылықтар сипаты және билік транзитінен кейінгі "ықтимал" экономикалық дағдарыс» - Халықаралық басылымдар осы аптада мамырдың 9-ы күні Қазақстанда өткен наразылық акциялары мен белсенділердің ұсталуы туралы жазды. Батыс баспасөзі бұған қоса банк секторындағы жағдайға тоқталып, "банктердің бірігу" талпынысын талдады. Президент сайлауы қарсаңында және онан кейінгі елдің жалпы қаржы саласының ахуалын сараптаған халықаралық БАҚ елде "ірі қаржы дағдарысы болуы мүмкін бе?" деген сауалға жауап іздейді.

«"Биліктің қорқынышы" һәм "ұнамайтын сайттардың жолын жабу"» - Мамырдың 9-ы күні таңертең Қазақстанда кем дегенде тоғыз вебсайт ашылмай қалды. Олардың арасында Азаттық радиосының сайты да бар. Бұғатталған интернет порталдардың өкілдері және редакторлары биліктен мұндай әрекет күтпегендерін айтады.

«Кәсіпкер Азаттық тілшісіне қарсы шағымын қайтарып алды» - Қырғызстан парламенті төрағасының орынбасары Азаттық журналисі Ыдырыс Исаковқа қолдау білдірді. Депутат журналистің зерттеу мақаласының кейіпкері, бизнесмен Жалил Атамбаевқа қатысты тергеуді соңына дейін жеткізуге шақырды.

«Назарбаевты мектеп партасынан білетін сайлау емтиханшысы» - Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауына үміткерлерді іріктегенде белгілі бұрынғы топ шенеунік һәм әдебиеттанушы Мырзатай Жолдасбеков лингвистикалық комиссия төрағалығына оралды. Бұл қызметті бұған дейін де бірнеше рет атқарған ол сынға да ұшырап, марапат та алған еді.

«Әділ сайлауды қалайтын жастар тәуелсіз бақылау ұйымын құрды» - Қазақстандық бір топ жас кезектен тыс президент сайлауы қарсаңында "Next.kz" тәуелсіз бақылаушылар желісін құрды. Олар еріктілер жинап, сайлау учаскелерінде дауыс берушілердің құқығы бұзылмауын қадағаламақ. Азаттық тілшісі сайлаудың әділ өткенін қалайтын жастар құрған ұйымның жұмысымен танысты.

CAMONITOR.KZ. «Қазақстан: жастарды қолдау жылы ма әлде оны қудалау жылы ма?» - Жастар жылында мемлекет жастарға өзінің шынайы қарым-қатынасын көрсетті. Қолдау орнына қамауға алу, практикалық жәрдем орнына тек бос уәде беру, нақты әлеуметтендірудің орнына тек сыртқы әсерге арналған іс-шаралар. Бәлкім, қазақстандық жастар саясатының мәні өскелең ұрпақты қоғамдық белсенділіктен алшақтату болар?

QAZAQTIMES.COM. «Сауда соғысы немесе Трамптың Қытайды жазалауы қандай нәтиже бермек?» - Көзқарақты жұртқа белгілі болған соңғы әлемдік елеулі саяси-экономикалық жаңалық Трамптың Қытай тауарларына қатысты жаңа шешімі. АҚШ президенті өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы, осы аптаның жұма күнінен бастап Қытайдың Құрама Штатқа кіретін 200 млрд доллар құнына ие тауарларына 25 пайыз кеден бажы салығын салатынын жеткізді. Содан бері әлемдік қор нарығында да жағдай аумалы-төкпелі.

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

920 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4