Атырау, 24 сәуір 13:42
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

"Жиһазды есептемеу керек": министр атаулы әлеуметтік көмек төңірегіндегі шуға нүкте қойды

3 503 просмотра


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаған кезде кіріс ретінде не саналып-саналмайтынын түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Атаулы әлеуметтік көмекке қатысты түсінбеушілік табысты есептеуден болды. Әсіресе, отбасының малына, егіні мен жиһазына байланысты. Жиһазды есептемеу керек. Біз үй-үйді араламаңдар деген тапсырма бердік, себебі ауылдан бастап әр қалада әрбір отбасының кірісі мен шығысына қатысты мәліметтер бар. Егер сұрақ туындаған жағдайда ғана, комиссияға сол отбасының үйіне барып, жағдайды өз көзімен көріп қайтуына болады", - деді Сапарбаев үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Жиһаздан бөлек, министрдің айтуынша, тауық пен жұмыртқа да кіріс ретінде есептелмейді.

"Үйіне барып, ешкім тоңазытқышын аша алмайды. Алмасы, шиесі, құлпынайы, басқасы бар, жеміс-жидек, көкөніс – мұның барлығы есептелмейді", - деді министр.

 Сапарбаев халықты масылдыққа емес, еңбек етуге үйрету керек екенін атап өтті.

"Кейбіреулер мына алып жатқан табыстың ешқайсысын есептемеу керек деген ұсыныс айтады. Олай болмайды, масылдық болмауы керек. Табысты біз міндетті түрде есептеуіміз керек...Біз кішкентай баладан бастап үлкен кісіге дейін еңбек етуге үйретуіміз керек. Әйтпесе болмайды", - деген ведомство басшысы биліктің міндеті азаматтарға жұмыс істеуге жағдай жасау екенін айтты.

Дереккөз: sputniknews.kz

 

 

6 мамыр 2019, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.