Атырау, 23 сәуір 22:58
 ашықВ Атырау +22
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

«”Қытайға қарсы көңіл-күй” және Тоқаев алдындағы “дилемма”», «Студенттер үміткерге қол жинауда "заң бұзылғанын" әшкереледі», «Танымал болғысы, карьера жасағысы келсе, тілді үйренсін», «Ресей мен Беларусьтің бірігуі билікті сақтап қалуға мүмкіндік береді

7 316 просмотра

AZATTYQ.ORG. «”Қытайға қарсы көңіл-күй” және Тоқаев алдындағы “дилемма”» - Батыс басылымдары осы аптада мамырдың 1-і күні Қазақстанда болған наразылық шаралары мен елдегі адам құқықтарының бұзылуын талқылап, Қытайдың Орталық Азияға ықпалы туралы жазды.

«Студенттер үміткерге қол жинауда "заң бұзылғанын" әшкереледі» - Қазақстан орталық сайлау комиссиясы (ОСК) қол жинау кезінде "штабы заң ережесін бұзған" деп хабарлаған президенттікке кандидат ресми түрде тіркелді. Заң бұзылғаны белсенді студенттердің арқасында анықталды.

QAMSHY.KZ. «Ораза жайлы 30 хадис» - «Кім Рамазан айының оразасын шын иман және ықыласпен ұстаса, оның бұрын істелген күнәлары кешіріледі». (Хадисті Әбу Һурайрадан (р.а.) имам Бұхари және имам Мүслім риуаят етті.)

ABAI.KZ. «Ілияс һәм “Еңбекші қазақ” газеті туралы...» - 1921 жылдың 7 қазанында қазақ тіліндегі өлкелік газет «Еңбекші қазақ» жарық көрді. Одан кейін «Социалды Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» газеті болып ауысып, тәуелсіздіктен кейін  «Егемен Қазақстан» газеті деген атты иеленіп, ел өміріндегі елеулі оқиғалардың көшбасшысы болып келеді.

DALANEWS.KZ.  «Танымал болғысы, карьера жасағысы келсе, тілді үйренсін» - Бұрынғы күні ресми телеарнадан бір жоғары лауазымды шенеуніктің шіреніп тұрып, созбалаң сөз сөйлегенін көрдім.

«Қазақты кедейшіліктен кұтқарудың жалғыз жолы – демократия» - Иә, қазақты қайыршылық белдеуінен тек демократияға ғана азат ете алады. Dalanews.kz марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының бір шоғын ойын назарыңызға ұсынып отыр, оқырман. Өзінің өзектілігін, өміршеңдігін жоғалтпаған бұл пікірлерді қойын дәптеріңізге түртіп алсаңыз да артық емес.

«Тарихшы: “Кеңес үкіметі тұтқындағы өз азаматтарын “сатқындар” деп айыптады”» - Гүлжаухар Көкебаева – Екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбына қатысты көп зерттеу жүргізген маман. Германия, Польша архивтерінде жұмыс жасаған. Автордың мына мақаласы Сталин саясатының тағы бір сорақы тұсын әшкерелеп отыр.

365INFO.KZ «Путинге сценарий: Ресей мен Беларусьтің бірігуі билікті сақтап қалуға мүмкіндік береді» - «Коммерсант» мәліметі бойынша, бір жылдан кейін Беларусь Ресей Федерациясы құрамына белсенді интеграцияны бастайды, ал бұған 20 жыл бұрын қол жеткізілген келісімдер негіз болады. Минсктің негізгі талабы орындалды — Белоруссиядағы РФ елшісі ауысты. Ресей үшін бұл пайдалы: Владимир Путин кезекті президенттік мерзім аяқталғаннан кейін де билікте қала алады.


6 мамыр 2019, 12:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.