Атырау, 19 сәуір 01:57
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Сайлау – ақша шашатын пайдасыз іс емес», «Наразылықтан кейін қанша адам жазаланды?», «Батылдық пен қауіп-қатер. Журналистерге қоқан-лоқы жиіледі», «Тоқаевтың сөзінен соң, "ардагер" әкімдер ордендерін қайтара ма?», «Түрмеде түбіне жетті».

3 400 просмотра

DALANEWS.KZ.  «Сайлау – ақша шашатын пайдасыз іс емес» - Бүгінде әлеуметтік желі арқылы әркім ойындағысын көпшілікке жеткізетін мүмкіндікке ие болды. Жұрт үйде отырып күңкілдемейді, қазір. Әлеуметтік желі осылайша, қазақ қоғамында азаматтың белсенділігін біртіндеп қалыптастырып келеді. Бұл үшін әлеуметтік желіге алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Жақында бір блогердің «Президент сайлауын өткізуге жұмсалатын қыруар қаржыға көпбалалы отбасыларға үй алып берейік. Сайлау бәрібір де биліктің қалауымен өтеді. Қаржы босқа кетеді» деп, елді утопияға бастайтын ет пен терінің арасынан шыққан эмоцияға толы ойын жариялады.

AZATTYQ.ORG. «Наразылықтан кейін қанша адам жазаланды?» - Мамырдың 1-і күнгі наразылық шарасы кезінде ұсталғандардың бірнешеуі жазаға тартылды. Ұсталғандардың үстінен қозғалған әкімшілік іс әлі жалғасып жатыр. Азаттық тілшілері қазірге дейін 10 адамның жазаланғанын анықтады.

«Батылдық пен қауіп-қатер. Журналистерге қоқан-лоқы жиіледі» - Қазақстандағы Азаттық тілшілерінің жұмысына кедергі жасау оқиғалары күллі әлемде биліктің ақпаратты бақылауда ұстау үшін кез келген әрекеттен тайынбайтынын және ең батыл деген журналистерге үнемі қауіп-қатер төнетінін аңғартты.

«"Түрмеде түбіне жетті". Үйіне оралмаған тұтқын жайлы хикая» - Семей түрмесінің ауруханасында жас тұтқын көз жұмды. Ол қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының арызы бойынша құқық қорғаушыға қарсы қозғалған қылмыстық іске куәгер болып қатысқан. Түрме басшылығы ол дерттен қайтыс болды дейді. Тұтқынның жесірі мен құқық қорғаушы оған медициналық көмек дер кезінде көрсетілмеген деп санайды.

AIKYN.KZ. «Қуғындалған Талжанов» - «Бір жазушының шөбересі атасының мұрасын жинағысы келеді. Соған сенің көмегің қажет» деп банкте істейтін құрбым хабарласты. «Атасының мұрасын неге елден іздейді?» деп әуелде таңданғанымыз рас. Сөйтсек, Дана Талжанованың атасы мен әжесі екіге айрылып кеткен соң, ұзақ жылдар бойы атасы туралы естімеген де, білмеген де екен. Бастысы, Талжанов деген фамилияны иемденіп жүрген есті қыз өзінің тамырына, түбіне қайта оралғысы келіпті.

«Абай комитетте не істеді?» - Заманында Семей өңірі Патша үкіметінің колониялық өлкелерінің бірі болғаны баршаға аян. Бұл қалаға Ресейдің түкпір-түкпірінен «саяси қылмысы» үшін айыпталғандар жер аударылды. Олардың Семейге келуі бір жағынан жұғымды болды. Қуғындалған қайраткерлер қол қусырып қарап отырмай, аймақтағы мәдени һәм ғылыми орталықтардың, түрлі ұйымдар мен мекемелердің құрылуына атсалысты. Сондай мекемелердің бірі 1878 жылы іргесі қаланған Семей облыстық Статистикалық комитеті болатын. Статистикалық комитет не үшін құрылды? Ол қандай қызмет атқарды? Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы бұл комитетте не істеді?

ABAI.KZ. «Тоқаевтың сөзінен соң, "ардагер" әкімдер ордендерін қайтара ма?» - Қасым-Жомарт Тоқаев жыл соңында министр, депутат, әкімдердің кеуделері түрлі наградаларға толатынын сынаған. «Бірде-бір министр, депутат, әкім наградасыз қалмаған. Барлығында орден бар. Әр бес жыл сайын олар орден алады. Мен түсіне алмаймын. Ал жүз мыңдаған ұстаздар, дәрігерлер, журналистер, жұмысшылар мемлекет тарапынан марапатсыз қалып жатады. Олар басқалардан аз еңбектеніп жүрген жоқ қой. Сондықтан, олар да назардан тыс қалмауы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

INFORMBURO.KZ. «Ішкі істер министрлігі "Өте құпия" деген белгісі бар, аса құнды құжаттарды көрсетті» - Құпияны толық ашуға не кедергі? КСРО кезіндегі жауапкершілікті кім көтереді? Көрмеге қандай құжаттар қойылған. Ішкі істер министрлігі (ІІМ) Арнайы мемлекеттік мұрағатының бас маманы Дәрия Әлиқызы 31 мамырға дейін созылатын көрменің оқушыларға, студенттер мен тарихты зерттеуші зиялы қауымға арналғанын айтты.

TURKYSTAN.KZ. «Алты алаштан озып, алты құрлыққа танылған таланттар» -  Жуырда Ресейде «Бала дауысы – 2019» телевизиялық ән байқауы мәресіне жетті. Финалдық бәсекеде бақ сынаған қазақстандық Ержан Максим ел намысын қорғап, жүлделі екінші орынды иеленді. Оның талантын мойындап, «бірінші орынға лайық өнер көрсетті» деп қолдау білдіріп жатқан жұрттың қарасы қалың. Жалпы, соңғы жылдары әлем таңдай қағып жатқан таланттар арасынан қазақстандық жас өрендер де бой көрсетіп жүр. Бір ғана Димаш Құдайбергеннің өзі жиырмадан жаңа асқан шағында әлемдік деңгейдегі кәсіби мамандардың оң бағасын алып, бертін келе миллиардтарды мойындатты. Қоғамның қай саласында болмасын талантты қазақ жастары жеткілікті. Оларды уақытында көріп, бағалай алып жүрміз бе? Неге өз өрендерімізді шетке шыққанда танып, жатпен бірге таңдай қағамыз? Өзгелер болмаса қайтер ек? 


4 мамыр 2019, 13:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.