Атырау, 19 сәуір 03:22
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Бәрі де жүгірді

Сурет
4 175 просмотра


27 cәуірде Құлсары қаласында үш шақырым қашықтыққа «Qulsary Marafon – 2019»  бұқаралық жүгіру болып өтті. Мыңнан аса жылыойлық жарыс жолына шықты. 

Бұл шараға құрметті қонақ ретінде Индонезияда өткен Паразияданың суға жүзуден екі дүркін чемпионы, әлем кубогының иегері, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ержан Сәлімгереев, аралас жекпе-жектен әлем чемпиондары  Қайрат Ахметов пен Нұрберген Шарипов, джиу-джитсудан әлем чемпиондары Османжан Қасымов пен  Жалғас Жұмағұлов, жекпе-жек ұлттық спортынан әлем чемпионы Арман Әшімов секілді әлемдік додаларда ел байрағын биікке көтерген  танымал спортшылар да қатысты. Олардың бірқатары қонақпын деп отырмай, көпшілікпен бірге жүгірді.

Қорытындысында ең ересек пен ең жас қатысушы, сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі жандар арнайы марапатталды. Шара соңында өнерпаздар өнер көрсетіп, спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды.

Марафонға қатысқан Жылыой ауданы әкімі Азамат БЕКЕТ барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, қолдау көрсеткен спортшылар мен демеушілерге ризашылығын білдірді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА  

Суреттерді түсірген автор

30 сәуір 2019, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.