Атырау, 20 сәуір 21:11
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Белсенділерді қамау, “заңдастырылған диктатура” және “шешімі белгілі сайлау”», «Қазақстанда президенттікке үміткерлер ұсыну кезеңі аяқталды», «Сайлау қайтсе әділ өтеді?»,«Б.Тұрсымбаев: ЖСДП-ның басына оппозициялық тұлға келді».

4 662 просмотра

ABAI.KZ. «Қытай тыныш жатқан қазақтың “құйрығын” бекер басты» - Қазақстан мен Қытай арасындағы, Өзбекстан мен Қытай арасындағы, Қырғызстан мен Қытай арасындағы және Тәжікстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастағы «достық көпірі» Шыңжаңдағы этникалық қазақтар, өзбектер, қырғыздар және тәжіктер болса, ендігі жерде сол «достық көпірді» солқылдатпай ұстап тұратын бірден-бір тетік – «Бір белдеу - бір жол» жобасы болмақ!

QAMSHY.KZ. «Зеленский Қазақстан туралы пікір білдірді» - Қазақстандық журналистердің бірі Украинаның жаңадан сайланған президентімен сұхбаттасып, Владимирден біздің ел туралы пікірін сұрады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Topsmi.me сайтына сілтеме жасап.

«Түрікменстан президенті рэп оқып, желіні "жарды"» - 27-28 сәуір күндері Түрікменстанда ахалтеке жылқысының Ұлттық мейрамын атап өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТДХ сайтына сілтеме жасап.

«Қазыбек Иса: Бізді сайлауға заңымыздың заңсыз тосқауылы жібермеді» - «Ақ жол» партиясы төрағасы Азат Перуашев бұл мәселеге байланысты құрылтай үстінде-ақ өзіне байланысты да, маған байланысты да жауабын берді. «Қазекеңе байланысты айтарым, партиядағы зиялы қауым өкілдерінің Президенттікке үміткерлікке түсе алмауына мемлекеттік қызметтегі кемінде 5 жыл қызмет өтілінің болмауы себеп болды» деді.

DALANEWS.KZ.  «Кеңес өкіметі көзі тірісінде Әлиханнан қалай қорықса, аруағынан да солай қорықты» - “Қадірін білгенге Әлихан Бөкейханов – адамзат тарихындағы өте сирек кездесетін санаулы тұлғалардың бірі. Оның деңгейі Махатма Ганди, Ататүріктен еш кем емес”, – дейді белгілі алаштанушы ғалым, журналист Сұлтанхан Аққұлұлы.

«Саакашвили: “Мен жемқорлықты қалай жеңдім”» - Украина президенті Владимир Зеленскийге саясаткер Михаил Саакашвили ақыл-кеңесін айтыпты. 

CAMONITOR.KZ. «Наразылықтың анатомиясы: азаматтық позиция ма әлде жай ғана шу шығару ма?» - Елбасы президенттік қызметтен кеткеннен кейін және жаңа мемлекет басшысының алғашқы мәлімдемелерінен кейін әлеуметтік желілерде басталып кеткен наразылық толқыны біртіндеп хайпқа айналды.

QAZAQTIMES.COM. «Балташ Тұрсымбаев: ЖСДП-ның басына оппозициялық тұлға келді» -  ЖСДП-ның бағдарламасы дағы ертерек кездегі істеген жұмысы да дұрыс еді. Бірақ өкінішке орай биліктің әсері болды ма, тағыда басқа жағдай болды ма, жұмысын әлсіретіп халықпенен ешқандай жұмыс жасаған жоқ... Ал, енді жаңадан келген ол – оппозициялық тұлға! 

AZATTYQ.ORG. «Сайлау қайтсе әділ өтеді?» - AzattyqLIVE тікелей эфирінде Қазақстанда биыл 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауын, саяси науқанның әділ өту шарттарын, ұсынылған үміткерлер мүмкіндігін талқылауға саясаттанушы Айдос Сарым қатысып отыр.

«Жұрт наразылығынан соң билік уран кеніші жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді» -Қырғызстанның Ыстықкөл облысы тұрғындары уран кенішін игеруге қарсылық білдіріп, биліктен жеке компаниядан геологиялық барлау жүргізуге берілген лицензияны қайтарып алуды талап етті. Бішкекте наразылық шеруіне шыққандар елде уран өндіруге толық тыйым салуға шақырды. Үкімет Кызыл-Омпол кеніші жұмысын тоқтатты деп хабарлады.

«Тіл қоғамдық белсенділікке әсер ете ме?» - "Urban Forum Qazaqsha" жиынында қазақ тілді жастардың қоғамдағы белсенділігі жөнінде пікірталас өтті. Бір зерттеуші қазақ тілді жастарды "тіл мен тарих қана қызықтыратын, қаланың дамуына селқос" топ деп сипаттады. Бұл тұжырыммен келіспегендер әлеуметтік мәселелерді шешуге назар аудартты. Кей сарапшылар жастар белсенділігін тілдік ерекшелікпен байланыстырудың қажеті жоқ деп санайды.

«Қазақстанда президенттікке үміткерлер ұсыну кезеңі аяқталды» - Жексенбі, сәуірдің 28-і күні Қазақстанда саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар атынан президент сайлауына үміткерлер ұсыну кезеңі аяқталды. Орталық сайлау комиссиясына кезектен тыс президент сайлауына қатысуға ниет білдірген тоғыз үміткер құжат тапсырған.

«Белсенділерді қамау, “заңдастырылған диктатура” және “шешімі белгілі сайлау”» - Осы аптада халықаралық БАҚ Алматыда белсенділер Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековтің «Шындықтан қашып құтылмайсың» деген баннер үшін тұтқындалғаны, қазірдің өзінде «шешімі белгілі сайлау» деп аталып жатқан 9 маусымда өтетін президент сайлауына кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынылғаны туралы жазды.


29 сәуір 2019, 14:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.