Атырау, 19 сәуір 18:16
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Сапарбаев: Сайлауға кем дегенде 500 мың мүмкіндігі шектеулі азамат қатысуы тиіс

2 989 просмотра


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев сайлау кезінде мүгедек жандарға еріктілер мен студенттер көмектесуі керек екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстанда 680 мың мүмкіндігі шектеулі адам бар.

"Мұның ішінде балаларды, соттың шешімімен сайлауға қатыспайтын адамдарды есептегеннің өзінде 500 мың мүмкіндігі шектеулі азамат осы сайлауға қатысуы керек. 2015 жылы біз Біріккен ұлттар ұйымының конвенциясын бекітіп мақұлдадық. Өзімізге халықаралық міндет алдық, оны орындауымыз керек", - деді ол Орталық сайлау комиссияның отырысында.

Сонымен қатар еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұл жұмысты жергілікті билік өкілдерімен бірігіп жүргізу керек екенін айтты.

"Жергілікті билік өкілдерімен бірге құлағы естімейтін, көзі көрмейтін адамдардың жанында көмекшілердің, сурдоаудармашылардың болуын қамтамасыз етуіміз қажет. Жергілікті билік өкілдері бұл жұмысқа еріктілерді, 3-4 курс оқитын ЖОО студенттерін жұмылдыруы керек. Ең маңыздысы, 9 950 сайлау учаскесінде азаматтарға жағдай жасау қажет", - дейді Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, ведомство басшысы 2018 жылы министрлік жанында мүгедектерге көмек көрсетуге арналған портал іске қосылғанын жеткізді.

"Қазіргі таңда интернет порталға 30 мыңнан астам көлік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандары енгізілді. Оған қосымша 6 500 сайлау учаскесі енгізілді. Орталық сайлау учаскесі ұсынып отырған келісімді қолдаймыз. Бірігіп жұмыс жасаймыз. Жергілікті билік өкілдерімен барлық керекті мәліметті сайлау учаскелеріне, орталық комиссияға береміз", деп түйіндеді сөзін министр.

Дереккөз: sputniknews.kz

22 сәуір 2019, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.